Kapshagay.gov.kz

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру

Главная


 

 

2019 жылғы желтоқсан айының 12 жұлдызында, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қапшағай қаласында "Әкімшілік кедергілерді жою" тақырыбы бойынша қоғамдық тындаулар өтеді. Тақырыбына орай, келесі мәселелер талқылайды:
1) Жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;
2) Мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған  кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;
3) Жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттер жүктеуді,
4) Азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған,  қиын орындалатын талаптарды белгілеуді.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу орны: Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13, Қапшағай қаласы әкімдігінің  кіші мәжіліс залы.


  Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .