Kapshagay.gov.kz

Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?

Главная


Келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін азаматтар арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек.
✅Бұл үшін:
Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет.
💻Сұрау соңында портал сіздің қай әлеуметтік мәртебе санатына жататыныңызды көрсетеді. Сізге «Жұмыскер», «Әлеуметтік төлемдер алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы», «Зейнеткер» мәртебелерінің бірі шығады.
Егер «Мәртебе анықталмаған» деген жауап берілсе, «мәртебені өзгерту» батырмасына өтіп, анкетаны толтырасыз. Мәртебеңіз туралы жауапты мемлекеттік орган 5 күн ішінде береді.
📲Әлеуметтік мәртебені телеграмдағы EgovkzBot 2.0 және Facebook мэссенджері мен VK желісіндегі egov.kz парағы арқылы да тексеруге болады.


  Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .