Kapshagay.gov.kz

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Главная


Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Заречный елді мекенінде орналасқан ЛА-155/14 түзеу мекемесінде 2019 жылдың 14 қазанында Қапшағай қалалық пробация қызметінің қызметкерлерімен, мекемедегі тұрмыс - еңбекпен қамту тобының  инспекторы әділет аға лейтенанты Б. Касымханова, Қапшағай қалалық полиция бөлімінің көші-қон полиция бөлім бастығы майор полициясы          М. Ашеевпен және Қапшағай қалалық еңбекпен қамту - әлеуметтік бағдарлама бөлімінің маманы Қ. Абдихамитованың қатысуымен арнайы отырыс өткізілді.
Отырысқа - мекемеде бас бостандығынан айыру жазаларын өтеп жатқандар қатарындағы шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары және түзеу мекемесінен босатылуға дайындалып жүрген сотталғандар шақыртылды. Арнайы іс-шарада көші - қон полиция бөлім бастығы полиция майоры М. Ашеев, таяу шетел (Өзбекістан, Қырғызстан, Ресей) азаматтарының жеке төлқұжатқа құжаттану жолдарын ретімен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты басқа мемлекет азаматтарының заңды түрде келуі немесе экстрадициялау/түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының «көші-қон» туралы Заңына сәйкес халықаралық стандарт негізінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып салу мәселелері бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. Сондай-ақ, азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке төлқұжатына құжаттандыру, мерзімі өткен құжаттарды қайта алу жөнінде әр сотталған – өз мемлекетінің елшілігі арқылы өздерінің білдірген ниеттеріне сәйкес жүргізілетіндігі туралы түсіндірді.
Еңбекпен қамту – әлеуметтік бағдарлама бөлімінің маманы Қ. Абдихамитова, өз жұмысында бас бостандығынан айыру орнынан босатылғаннан кейін, оларға берілетін әлеуметтік көмектердің түрлерімен және  жұмыспен қамтамассыз ету жолдарын түсіндіре отырды.
Мерзімі аяқталуға жақын сотталғандар үшін одан әрі өмір сүру  мәселесі өте өзекті: жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімделу, тұрғын үй, мемлекеттің әлеуметтік құрылымында болған жаңалықтар туралы ақпараттық көмек. Бүгінгі таңда бұл проблемалардың шешілуін пробация қызметі бақылайды, ол соңғы жылдары өз позициясын едәуір нығайтты  және көптеген проблемалық мәселелерді шешуде. Пенитенциарлық жүйеде болып жатқан оң өзгерістерге қарамастан, әлі де көптеген проблемалық мәселелер бар. Қылмыстық-атқару жүйесінің кез – келген реформасы әрқаша оның жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға және стандарттарын жаһандық өлшемдерге жақындатуға бағытталған. Әлемдік тәжірибенің талдауы көрсеткендей, пенитенциарлы жүйенің басым бағыттарының бірі – оның құрамында пробация қызметінің болуы.
Пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Б.М. Жетмекова өз кезегінде пробация қызметінде тіркеуге тұруға келген сотталғандардың медициналық көмек көрсетуге, заң көмегіне, еңбек нарығында қажетті және қажетті мамандықты алуға, түрлі құжаттарды дайындауға, әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты құқықтары мен  міндеттерін, сондай-ақ,  пенитенциарлы пробацияға жатқызылатындарға барлық әлеуметтік көмектердің түрлерін түсіндірді.

 

                                                                                               Қапшағай қалалық
пробация қызметі
бөлімінің бастығы
әділет капитаны Б.М. Жетмекова


  Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .