Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласында жаңа қоғамдық көліктер іске қосылды

Главная


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту  және олардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша берілген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қапшағай қаласында жаңадан «Youtong» маркалы 7 қоғамдық көліктер алынды. Аталған көліктерде 25 отыратын және 50 тұратын орындар қарастырылған.  Жалпы сыйымдылығы 75 орын.  Қосымша тағы 4 қоғамдық көліктерге тапсырыс берілді. Қапшағай қаласы бойынша енді жалпы 11 қоғамдық көліктер халыққа қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, қалалық әкімдік тарапынан көпбалалы аналарға 2019 жылғы 06 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесі қарастырылған. Аталған шаралар қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отыр.


  Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .