Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қалалық Пробация қызметі туралы

Главная


Қазақстан Республикасында ізгілендіру политикасы жүргізілу нәтижесінде, қоғамнан оқшауласыз сотталғандардың саны артып келеді және де осы тенденция ары қарай өсуде.Осыған байланысты, балама жазалау шараларын орындау сапасы өзекті мәселе болып тұр. Осы мәселені шешу және қылмыстардың қайталануының алдын-алу мақсатында Республикамызда пробация қызметі құрылды.
Пробация қызметі-қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын және өзінің есебіндегі сотталғандардың  әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсететін қылмыстық-атқару жүйесінің органы болып табылады.  
Пробация қызметі жұмысының ұйымдастырылуы: ҚР Конституциясынан, ҚР қылмыстық-атқару кодексінен, 30.12.2016ж. «Пробация қызметі туралы» Заңынан, ҚР ІІМ бұйрықтарынан яғни 15.08.2014ж. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №511 бұйрығынан, «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы» №517 бұйрығынан, тағы басқа нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.   
Қапшағай қалалық пробация қызметінде тамыз айының есебіне сәйкес-129 сотталған есепте тұр. Барлық сотталғандарға сот жүктеген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Әрине, жұмысымыздың жағымды жақтарын ғана көргіміз келеді, бірақ біздің сотталғандардың арасында барлығы дерлік түзелу жолына түсе бермейді, арасында сот жүктеген міндеттерден жалтарып, қайталап қылмыс жасап, бұрынғы өмір сүру салттарын жалғастырып жүргендері де бар. Бұндай тұлғаларға қатысты пробация қызметі қажетті шаралар қолдануға мәжбүр болады, яғни бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру жөнінде сотқа қажетті құжаттарды жолдайды. Қазіргі таңда 23 сотталған қоғамнан оқшауланып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаларын өтеуде.

 

 


  Қапшағай қалалық Пробация қызметі бөлімінің бастығы Жетмекова Б.М.



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .