Kapshagay.gov.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Главная



«Қапшағай тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 қыркүйегінде қабылданған «Сайлау туралы» конституциялық заңы және 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» заңына сәйкес, 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР президенті сайлауына қатысатын барлық үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін «Нұрлы өлке» газеті мен www.nurliolke.kz сайтына беру талаптары жайында хабарлайды.
Газет беті немесе сайттан орын ұсыну туралы келісім үміткер мен газет меншік иесінің жазбаша жасалған келімішарты негізінде жасалады.
Газет немесе сайт бетіне үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін редакцияға ҚР президенттігіне үміткер немесе оның сенімді өкілінің жазбаша өтініші түсуі шарт.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1.Үміткердің тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі.
2.Үміткердің сенімді өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі.
3. Өтініш беруші тұлғаның жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі.
4. Шарт жасау үшін тұлғаның уәкілеттігін растайтын құжаттар.
Жазбаша өтініште үміткер немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа келісім мен қол қойылған мерзім көрсетілуі керек.
Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдары газет немесе сайтқа шығатын мерзімнен бір жұмыс күн бұрын беріледі.
Егер президенттікке үміткер сайлау алдындағы бағдарламасында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

 

«НҰРЛЫ ӨЛКЕ» ГАЗЕТІНІҢ БАСПА
БЕТІНДЕГІ ОРНЫНЫҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫ

 

Дайын мақаланы 1-бетке орналастыру 1 ш.с.-250 тг. ҚҚС қоса есептегенде.
Дайын модульді 1-бетке орналастыру 1ш.с.-200 тг. ҚҚС қоса есептегенде.
Дайын мақаланы 2,4,6,8-беттерге орналастыру 1 ш.с.-200 тг. ҚҚС қоса есептегенде.
Дайын модульді 3,5,7-беттерге орналастыру 1ш.с.-150 тг. ҚҚС қоса есептегенде.
         Рұқсат етілген белгі көлемінен асқан жағдайда қосымша ақы төленеді. 1 белгі бағасы - 20 теңге.

 

 


  Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .