Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласындағы №5-ӨСБ және ТЖБ

Главная


 

   Төтенше жағдайда қалай әрекет ету ересектерге ғана емес, сонысен қатар балаларға да белгілі болуы керек- бұл міндет сонымен бірге азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысының бір бөлігі.
2019 жылдың  29 сәуір күні 10 сағат 00 минутта Қапшағай қаласындағы Төтенше жағдайлар бөлімінің, 5-ӨСБ-нің және Қапшағай өңірінің Құтқару жасағы қызметкерлерімен  бірлесе отырып өрт қауіпсізігін қамтамасыз ету мақсатында және адамдардың өртте қаза болуына жол бермеу сондай-ақ сауықтыру орталықтарында балаларға арналған судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша, "Балдәурен" атты республикалық оқу-сауықтыру орталығының  қызметкерлерге және балаларға бағытталған іс-шаралар кешені өткізілді. Оларды атап айтқанда:
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ -өрт сөндіру техникасын, шанцтық, авариялық-құтқару жабдықтарын, сүңгуір және альпинистік жабдықтар, өрт сөндіру құралдары оларды тағайындау және қолдану көшпелі көрмесі;
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - тәрбиешілермен және қызметкерлермен "өрт кезіндегі іс-әрекеттер", "сауықтыру орындарындағы өртке қарсы тәртібі" тақырыптары бойынша
нұсқаулықтар;
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - өртті болдырмау мақсатында балалармен  «Өрт дегеніміз не», «Өрт кезіндегі іс-әрекеттер», «Балалар мен өрттер» атты тақырыптары бойынша дәрістер және әңгімелесулер;
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - алғашқы өрт сөндіру құралдарын және оларды қолдану тәсілдерімен
сондай-ақ өрт туындаған кездегі іс-қимылдарды, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан эвакуациялау ережесі, ғимараттағы түтіндеу кезіндегі қажетті іс-әрекеттерін зерделеу мақсатында балалармен  сондай-ақ "Балдәурен"Орталықтың барлық қызметкерлерімен сабақтар;
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - балаларды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау, шартты өртті сөндіру (түтіндену әсері үшін түтін шашкалары қолданылды) және зардап шеккен адамды құтқару бойынша, 5-ӨСБ қызметкерлерімен және орталық қызметкерлерімен бірлесіп практикалық жаттығу;
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - Қапшағай өңірінің Құтқару жасағы  қызметкерлері зардап шеккендерге әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде (суға бату, сыну, соғу және т. б.) дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету туралы лекциялар мен сұхбаттар өткізіп көрнекті түрде көрсетті;
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - тәрбиешілермен және балалармен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және судағы қауіпсіздік шаралар жөніндегі әңгімелер жүргізілді.
Жалпы аталған іс-шараға «Балдәурен» орталығынан 110 бала және 25 қызметкер, Төтенше жағдайлар департаментінен 1 бірлік өрт сөндіру техникасы, 1 бірлік қосалқы техника және 12 адам жеке құрам, облыстық «Жетісу» телеарнасынан 3 адам, жергілікті «Нұрлы-Өлке» газетінен 1 адам қатысты. 


  Қапшағай қаласындағы №5-ӨСБ және ТЖБ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .