Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы және ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жағдайы және оны күтіп ұстау туралы АНЫҚТАМА

Главная


 

         Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының орындау мақсатында «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен келесідей жұмыстар атқарылды:
         2018 жылы Қазақстан Республикасының 2020 көлік жүйесінің интеграциясы  инфраструктурасын дамыту мен іс-шараларын жүзеге асыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды: 2018 жылы Қапшағай қаласында жаяу жүргінші жолы мен машина тұрағы қарастырылған ұзындығы 0,8 км Қапшағай қалалық жағажай бойындағы Набережная жолының құрылысы аяқталды. Жалпы ұзындығы 8,15 км құрайтын 8-көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Индустриальная, Центральная, Әйтеке би және «Алматы-Демалыс» аймағының 5 көшесі). Қапшағай қаласы Д.А.Қонаев көшесіне оңтүстік айналмадан Жамбыл көшесіне дейін ұзындығы 4,4 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалада жалпы ұзындығы 6,55 шм төрт көшеге орташа жөндеу жұмыстары жасалынды.
Қапшағай аймағы бойынша биылғы жылы 5,4 км жолды қамтитын 5-көшеге шұңқырлары жамалып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды (Қапшағай қаласының Хмельницкий көшесі, Қосқұдық ауылының айналма жолы мен Бөлек би көшесі, Заречный ауылының Абай көшесі, Қапшағай қаласы, Қойшыманов көшесіндегі автотұрақ орнын ағымдағы жөндеу).
Қала бойынша 750 астам жол белгілері бар. Жол полиция қызметкерлерімен бірлесе байқау актілері жасалынып, нұсқама негізінде қала көшелеріне 2018 жылы 53 жол белгілері, балабақша мен мектептердің тұсына 16 жасанды жол кедергісі  орнатылды. Қалада жалпы 12 бағдаршам нысаны бар. Қосымша 3-бағдаршамдар орнату бойынша жоба-сметалық құжаттама жасалынып, сараптамадан өтті, ауданы 2727,7 шаршы метрді құрайтын автомобиль жолдары мен велосипед жолына жол жолақтары жүргізілді.
2018 жылы Қапшағай аймағы бойынша жалпы ұзындығы 25,3 км ды құрайтын 19-автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
         Осы жасалған жұмыс нәтижесінде Қапшағай аймағы бойынша автомобиль жолдарының сапасы «Жақсы» 25,3 шм-ға немесе 8,3% жақсарды. Бүгінгі күні автомобиль жолының 220,43 шм немесе 72% «Жақсы», 16,69 шм немесе  5,5% «Қанағаттанарлық», қалған 69,69 шм немесе 22,8% «Қанағаттанарлықсыз дәрежеде.
86,39км немесе 28,2% жолдарға ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуді қажет етеді.
2019 жылы ұзындығы 9,54 км құрайтын Алматы-Демалыс аймағының қалған көшелерінің, ұзындығы 1,1 км Центральная,Айтеке Би көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, ұзындығы 5,2 км Д.А.Қонаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сол сияқты  келесі көшелердің автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары 1 шағынаудан кварталаралық (Жамбыл көшесінен №2 гимназияға дейін) ұзындығы 0,575 км №25,26 үйлерге кіреберіс көше, 1 шағынаудан кварталаралық (Жамбыл көшесінен Д.А.Қонаев көшесіне дейін, ХҚКО) ұзындығы 0,4 км, 2 шағынаудан кварталаралық (Жамбыл көшесінен№3 ОМ дейін) ұзындығы 0,28 км, ұзындығы 0,46 км Космонавт-1, ұзындығы 0,56 км, Сарыбулақ ауылындағы Т.Рысқұлов көшесі ұзындығы 1,2 км, Спутник шағынауданы 0,4 км, Лесозавод көшесі ұзындығы 0,98 км, жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары және шұңқырларды жөндеу, Шеңгелді ауылының 10 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.
Қапшағай аймағы бойынша жалпы 16 715 көлік тіркелген. Қапшағай қаласында 12 бағдаршам және 750 астам жол белгісі бар. 3 бағдаршам орнату (Сейфуллин-Центральная, Абай-Қонаев, Құрылысшы-Ауезов көшелерінің қиылысы). 5 бағдаршамға ағымдағы жөндеу (Абай-Қойшыманов, Қойшыманов-Қонаев, Қонаев-Межквартальная, Сейфуллин-Қонаев, Алматы-Қойшыманов көшелерінің қиылысы), автомобиль жолдарына жол жолақтарын белгілеу, бағдаршам, жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін күтіп ұстау жұмыстарын орындау жоспарлануда.
Қапшағай аймағы бойынша жалпы 25,2 км жолға жөндеу жасау көзделуде.

Аймақ бойынша автомобиль жолдарының бүгінгі күнгі жағдайы

 

 

 

Аталуы

ұзындығы
(шм)

жақсы

Қанағат-қ

қанағатсыз

шм

 

%

 

шм

 

%

 

шм

 

%

1

г.Капшагай

213,81

189,6

88,68

13,36

6,3

10,85

5,1

2

Заречный с/о

38,99

11,16

28,6

-

-

27,84

71,4

3

Шенгельдинский с/о

54,00

19,67

36,4

3,33

6,2

31

57,4

 

Аймақ бойынша:

306,08

220,43

72

16,69

5,5

69,69

22,8

        

2020 жылға жұмыс жоспары:
2020 жылы «Восточный», «Гүлдер», «Қарлығаш», «8-10 шағынаудандар» көшелеріне күрделі жөндеу, Жамбыл, Алматинская, теміржол бекетіне кіреберіс жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

 

 

Бас маман     Алимжанов А.Т.


  Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .