Kapshagay.gov.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Главная


Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
 
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  9 сәуір
№ 18

 

 

       Cайлау - 2019

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: >>> (.rar 36 Kb)
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы >>> (.rar 36 Kb)
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары >>> (.rar 36 Kb)
Қапшағай қаласының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы >>> (.rar 36 Kb)
Қапшағай қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары >>> (.rar 36 Kb)
Қапшағай қаласы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамы >>> (.rar 36 Kb)

 

Құрметті сайлаушылар!

Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 24-бабының 5-тармағына сәйкес, әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгiнің болмайтыны белгiлi болса, ол өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқылы.
Азамат осы тармаққа сәйкес өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.

 

Құрметті сайлаушылар!

Қапшағай қаласының, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің сайлау учаскелерінің нөмірлері мен шекаралары туралы мәлімет алу үшін жергілікті атқарушы органдарының жанында call centres құрылған. Қапшағай қаласында:  8(72772) 4-07-90, 4-00-20, Заречный ауылдық округінде:8 (72772) 3-51-80,  Шеңгелді ауылдық округінде: 8 (72772) 7-13-02 телефондарына  хабарласуға болады.



  Қапшағай қаласының әкімі аппараты



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .