Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Главная


                       

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіру, цифрлық қолтаңбаны насихаттау бойынша 2019 жылдың 29 наурызында сағат 11.00-де бекітілген кестеге сәйкес, Қапшағай қаласында 100 шақты тұрғынның қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Қапшағай қаласы әкімшілігінің мемлекеттік қызметтер көрсететін 12 мемлекеттік мекемесі, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және Қапшағай қалалық ауруханасы қатысты. Тұрғындарға жәрмеңке барысында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп, қала тұрғындарының мемлекеттік қызмет алу саласындағы өздерін қызықтыратын өзекті сұрақтарына жауап, кеңестер берілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілдері туралы қолжетімді түрде жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды.

 


  Қапшағай қаласының әкімі аппараты



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .