Kapshagay.gov.kz

Құрметті ақжаулықты аналар! Әпке-қарындастар! Қадірменді қапшағайлықтар!

Главная


 

Жер бетіндегі тіршілік, ұрпақтар жалғастығы аналар арқылы жалғасып жатқаны анық. Аналар алдында бәріміз басымызды иетініміз де сондықтан болар. 8 наурыз күні - отбасымыздың берекесі, шаңырағымыздың шуағы болған әйелдер қауымының төл мерекесі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасының «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп атап өтуі зор сүйіспеншілік туғызады.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі, адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып жаңа заманға сай қызмет атқарып  жүргендеріңізді атап айтқымыз келеді. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Бүгін осы залда отырған әйелдер қауымының әрқайсысын еліміздің өсіп, өркендеуіне  өз үлесін  қосқан асыл  ана, қайраткер әйел, еңбексүйгіш жандар деп білеміз.
Сіздердің атыңызға айналатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

 

Қадірлі Аналар! Апалар! Арулар!


Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық – әйелдердің аялы алақанынан таралған» деген сөз бар. Бұл сөз тегін айтылмаса керек.
Сіздерді ел игілігі, отбасы берекесі, ұрпақ келешегі үшін күш-жігерлеріңізді, жүрек жылуын жұмсай береді деген сенімдемін! Өмірлеріңіз сәнді, шаңырақтарыңыз құт-берекелі, еліміз тыныш, болашағымыз баянды болсын.
Қызғалдақтай құлпырған көктем мерекесі құтты болсын!


  Қала Әкiмі Талғат Қанатұлы ҚАЙНАРБЕКОВ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .