Kapshagay.gov.kz

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

Главная


 

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырумақсатында Қапшағай қаласының әкімдігі коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде келесі коммуналдық төлемдердің құны төмендеді:
- қоқыс жинау үшін 20%-ға, енді бір адамға 160 тг.;
- ПИТК қызметтері 15%-ға, енді ш.м. 30 тг.;
- газ 15%-ға, енді т.м. 29,3 тг.;
- электр қуаты 0,3%-ға, енді 1 топ 1 кВт үшін 14,76 тг., 2 топ  1 кВт үшін 19,08 тг., 3 топ 1 кВт үшін 23,85 тг.;
- жылумен жабдықтау 36%-ға, енді өлшеу құралы болса 2685,73 тг. Гкал, өлшеу құралы болмаса 3299,84 тг. Гкал;
- ыстық су 36%-ға, енді т.м. 226,76 тг.;
- суық су 3,7%-ға, енді т.м. 57,69 тг.;
- кәріз 18,2%-ға, енді т.м. 53,69 тг.
Жұмыста біз үшін  басты басымдықтарының бірі - тұтынушыларға қамқор көрсету, өйткені біздің қаланың әр тұрғыны коммуналдық қызметтермен пайдаланады.


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .