Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ. Қайнарбековтың «Қапшағай қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің тезистері

Главная


 

         2018 жылдың 11 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы өңірдің 2016-2020 жылдар аралығына арналған даму Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды және төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:
- 2018 жылдың 11 айында бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер белгіленген 20000,1 млн.теңгенің орнына 20078,3 млн.теңгені құрап, 100,4 % орындалды және 2017 жылдың осы  мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны 126,8% жетті;
- республикалық бюджетке болжамда белгіленген 16184,9 млн.теңгенің орнына 16170,8 млн.теңге қаражат түсіп, жоспар 99,9% орындалды, бұл 2017 жылдың осы  мерзімімен салыстырғанда  140,4% пайызды құрады;
- жергілікті бюджетке түсетін салықтар жоспары 102,4% орындалып,  3815,2 млн.теңгенің орнына 3907,5 млн.теңге қаражат түсті.
Қала бюджетінің шығыс бөлігі 99,7% орындалып, ол 8188,7 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Өнеркәсіп
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары  2018 жылдың 11 айында  жалпы сомасы 60587,5  млн.теңгенің өнімін өндірді. 2018 жылға белгіленген жоспар 57700,0 млн.теңгені құраған. 2019 жылға жоспарланған көлем 70000,0 млн.теңгені құрайды.


Есептік кезең қорытындысы бойынша «Кнауф Гипс Қапшағай», «Полимерметалл-Т», «Рыбпром», «Пеноплэкс», «Магнетик», «АЯМ» ЖШС-рі өндіріс көлемін арттырды. Сонымен қатар макарон өнімдерін өндіретін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС іске қосылды. «ВЭС Сарыбулак», «ВЭС Кербулак» жел электр станциялары да іске қосылды. Дөңгелек өнімдерін өндіретін «Нуртау-А» ЖШС мен көлік майларын өңдейтін  «Казахстанлабриценсрифайнери» ЖШС-гі жұмысын бастады.
«Қапшағай Құрылыс Комбинаты» бетоннан жасалған бұйымдар, «Юнион Перлит» құрылыс қоспаларын өндіру, «Капшагайгранит» өнеркәсіп орындары өндіріс көлемдерін кеңейтті.
Жыл басынан бері өнеркәсіп саласында жаңа ашылған кешендер мен кеңею есебінен 468 жұмыс орны ашылды.
Жыл басынан бері негізгі капиталға 24429,1 млн. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс инвестициялар үлесі 93,3% немесе 22799,6 млн.теңгені құрады. 2019 жылы 31000,0 млн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Қапшағай қаласы мен ауылдық округтерде  шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 3971 объектілер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысатындардың саны 16555 адамға жетті. Шағын кәсіпкерлік саласынан  бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 3923,4 млн.теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 56092,1 млн.теңгелік өнім өндірді.

Жыл басынан бері 34 шағын және орта кәсіпкерлік объектілері іске қосылып, 725 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олар: бала бақшалар, цехтар және сауда мен қызмет көрсету нысандарының кеңею жұмыстары аяқталды.
Аймақ кәсіпкерлеріне ыңғайлы жағдай жасау мақсатында бір терезе принціпі негізінде жұмыс атқаратын Кәсіперлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық Қапшағай аймағымен қоса Балқаш ауданы кәсіпкерлеріне де қызмет атқарады. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге қатысты 1080 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 60 онлайн түрдегі қызмет, 418 тегін сервистік қызмет, 49 бизнес жоспарлар жасалды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 8 жоба іске асырылды, 85 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

  • банк кредиттерінің бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 503,0 млн.теңге 4 жоба қаржыландырылды («LST market»-270,0 млн. теңге, «СД и КО» -150,0 млн. теңге, ЖК «Нурмухамбетов»-55,0 млн. теңге, «Капшагай Мунай» -28,0 млн. теңге);
  • «Даму» Қоры шеңберінде жыл басынан бері 21 кәсіпкерге 26,6 млн.теңгеге несие берілді;
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде 17 жоба 70,8 млн.теңгеге кредиттелді;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттеу бағытын кепілдендіру бойынша 4 жобаға 221,2 млн.теңге қаржыландырылды («Кумсуат Фарм»-137,0 млн. теңге, «Капшагай Мунай»-3,7 млн. теңге, «СД и КО»-75,0 млн. теңге, ЖК «Страмцова -5,5 млн.теңге»);

«Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымды жеткізіп беруге қатысты жалпы сомасы 1058,6 млн.теңгеге 4 жобаны іске асыруға қатысты Алматы облыстық үйлестіру кеңесінің оң шешімі шықты:

  •  «LST market» ЖШС-н газификациялау  - 64,8 млн. теңге;
  • «Green Land Alatau»ЖШС-н газдандыру - 31,3 млн. теңге; 
  • «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-не темір жол желісін тарту - 702,9 млн. теңге;
  • «Эневерс Кункуат» күн электр станциясына электр желісін тарту - 259,6 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы


2018 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 12649,9 млн.теңгені құрады және  2017 жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда 104,3%  орындалды.
Барлық мал басы саны өсім көрсетуде. Жылқы саны 46,3%, сиыр саны 6,9%, қой мен ешкі саны 6,3%, сүт сауу 1,3%,  тірі салмақта мал етін дайындау 10,4%, жұмыртқа жинау 18,5% артты. 
Асыл тұқымды мал санын арттыру мақсатында «МТС Капшагай Сервис» ЖШС 22 бас, ЖК «Қабдылдаев» ет бағытындағы 66 бас жылқы сатып алды.
100 басқа арналған «Бәйтерек Агро Сервис» ЖШС бордықылау алаңын ашты.
1000 тонна көкөніс сақтауға арналған  қойма іске қосылды СПК «Қосжан ФУД», 5 жұмыс орны құрылды.  
Қант қызылшасын егу алаңдарының артуына орай «Ақөзек» сервистік дайындау орталығы ашылды.
«LST market» ЖШС-нің жылыжай кешенінің 1-га кеңею жұмыстары аяқталды, қосымша 10 жұмыс орны құрылды.
Қаладағы 2 жылыжайда сомасы 3,3 млрд.теңгеге 9,5 мың тонна көкөніс өндірілді.
Қапшағай қаласының ауылшаруашылық тауар өндірушілері 2018 жылы  13035,0 гектар егістік жер игерді. Оның 8470,0 гектары суармалы болып табылады.
Дәнді дақылдар жоғарғы сұрыпты дәндерден отырғызылды. Дәнді дақылдар алқабы 4177 га, қант қызылшасы 700,0 га, майлы дақылдыр 3800 га,  көкөністер 2296 га, жемдік дақылдыр 1583 га, картоп пен бақша дақылдары 479 га жерге егілді.
Биылғы жылы аумағы 1310 га жерге тамшылап суғару технологиясы енгізілді, 1560 га ылғал сақтау технологиясы қолданылды.
Барлығы 10447,6 тонна дәнді дақылдар жиналды.  4686,2 тонна соя, 1714 тонна сафлор, 21400,5 тонна қант қызылшасы, барлығы 112799,0 тонна көкөністер, 15240,3 тонна малдық жем жиналды.
Малдың  қыстау мерзіміне өңір бойынша 14000,0 тонна шөп, 3600 тонна сабан, 3800 тонна фуражды астық дайындалды.
«Агробизнес 2020» бағдарлмасы аясында өсімдік саласына 33,0 млн.теңге, мал шаруашылығына 87,0 млн.теңге субсидия бөлінді.
Мал ауруларының алдын алу жұмыстары қолға алынған.  Аталған бағытты іске асыруға 25,8 млн.теңге қаражат бөлінген. «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» есебінен келесідей жұмыстар атқарылды:

  • топалаға қарсы егуден 6000 бас ірі қара, 50000 бас ұсақ мал, 1600 бас жылқы, 200 шошқа егілді;
  • оспаға 50000 бас ұсақ мал егілді;
  • серологиялық (Бруцеллезге қарсы) зерттеу әдісімен сарып ауруын анықтау барысында 55447 бас  ұсақ мал, 9109 бас ірі қара  зерттеліп, 223 бас  ұсақ малдың, 27 бас ірі малдың  ауру екендігі анықталды. Ауырған  мал еті өңдеу кәсіпорнына өткізілді. Сонымен қатар  жануар иелеріне компенсация ретінде 3,1 млн.теңге төленді және санитарлық союға 287,0 мың теңге жұмсалды.

         Қанғыбас ит пен мысықтарды аулау жұмысы бойынша 2,5 млн.теңге бөлініп, 1274  қаңғыбас ит пен мысық ұсталып, жойылды.


Қапшағай өңірі бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 13500,0 млн.теңгеге жеткізу көзделуде.

 

Тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы және көркейту
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай іс-шаралар атқарылып, көркейту, көгалдандыру, қаланы және ауылды елді мекендерді санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жылу жүйелерінің ұзындығы 58,4 шақырымды құрайды (магистральді 15,6 шақырым, бөлу жүйелері 42,8 шақырым). Жүйенің тозуы 40,0% құрайды.
Қапшағай қаласын жылумен қамтуды үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету мақсатында 14,2 мың тонна мазут сатып алынды.
Биылғы жылы «Қапшағай жылу» МКК-да 3 жылу қазандығын ауыстыру жұмыстары аяқталды.
Су беру жүйелерінің ұзындығы 453,3 және кәріз жүйелерінің ұзындығы 173,2 шақырымды құрайды. Су жүйелерінің тозуы 79,0% немесе 358,1 шақырымды құрайды. Ал кәріз жүйелерінің тозуы 70,0% немесе 121,2 шақырымды құрайды.
Қосқұдық, Құлантөбе, Тасқұм, Бөктер ауылды елді мекендерді ауыз сумен қамту жобасы іске асырыла бастады. Биылғы жылы 100,0 млн.теңге жұмсалды. Барлық жоба құны 484,4 млн.теңгені құрайды. Жобаны толық іске асыру 2019 жылға белгіленген.
Заречный ауылында сомасы 5220,0 мың теңгеге су беру жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.
Қаладағы тұрғын үй қоры 238 көпқабатты тұрғын үйден тұрады. Оның 28 екі қабатты тұрғын үйлер, 9,6 мың шаршы метр (268 пәтер) апатты болып табылады.
2018 жылы Степная көшесіндегі 2 апатты үйдің бұзуына 10,0 млн.теңге бөлінді. 16 пәтер сатып алуға 94,7 млн.теңге қаражат жұмсалды.
Шағын аудан алаңдарын көркейту жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы сомасы 373,2 млн.теңгеге 1,2,3 шағын аудандарда барлығы 38 алаң қалпына келтірілді. Алаңдардағы тротуарлар, көлік тұрақтары мен балалар ойнайтын аулалар, спорт алаңдары мен футбол алаңдары салынды. Қоршаулар мен көшелерді жарықтандыру орнатылды.  
Қала аумағындағы парк көркейтілді (амфитеатр мен құрғақ фонтан құрылысы жүргізілді).
«Технодом» АҚ жеке инвестициясы негізінде «Воркаут» алаңдарының құрылысы жүргізілді. Сомасы 13,2 млн.теңгеге 2 алаң орнатылды.
Қапшағай қаласы бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Шеңгелді ауылдық округіндегі Шеңгелді, Ақөзек, Қосқұдық ауылдарында балалар алаңын орнатуға 7,7 млн. теңге қаражат бөлініп, игерілді.
Д.А. Қонаев көшесі жөнделді. Тротуарлы төсеніш салынды, 38 дана орындықтар мен 76 дана қоқыс жәшіктері орнатылды. Светодиодты жарықтандыру шамдары орнатылды.
Ш.Уәлиханов атындағы мектептің стадионы қалыпқа келтірілді. 2 дана футбол қақпасы, 2 дана баскетбол қақпасы, 20 қоқыс жәшігі, 20 орындық, 48 шаршы метр тор орнатылды.
Қаладағы арық жүйесінің құрылысы басталды жоба 2019 жылы жалғасын табады.
Қалада 5 стелла орнату көзделген. 2018 жылы сомасы 48,0 млн.теңгеге Қонаев көшесінде 1 стелла орнатылды.
Ұзындығы 1,0 шақырым қала жағажайының жолының құрылысы аяқталды.
Ұзындығы 2645,0 м қаланың Индустриальная көшесінің күрделі жөндеу жұмысы аяқталды.
Солтүстік жағалауда орналасқан демалыс орындарының инфрақұрылым желілерін жақсарту мақсатында және жалпы ұзындығы 15 км құрайтын ішкі жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасының №1,6,7,9 көшелердің жолдары жасалды.
Қонаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстары жасалды барлығы 4,4 шақырым жол төселді.
Қаладағы Железнодорожная (2,25 км), Соболева (0,9 км), 2 ықш.аудандағы жолдар (0,7 км), «Алтын Алма» (2,7 км) бағбандық кооператив жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жасалды.
Қосқұдық ауылындағы Объездная, Бөлек би көшелерінде ұзындығы 3600 метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.
Жолдарды белгілеу мен жол кауіпсіздігін сақтау құралдары орнатылды.
Шеңгелді ауылының 10 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге құжаттама әзірленді, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты құжаттар жасалды (Жамбыл көшесі), 8-10, Восточный ықшам аудандардың жолдарын қалпына келтіру құжаттамалары жасалды.
2019 жылға келесідей жобалар қарастырылған:
«Су беру жүйелері мен кәріздік жүйелерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде Қосқұдық, Құлантөбе Тасқұм, Бөктер ауылдарындағы су беру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына 423,5 млн.теңге қарастырылған;
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы аясында Заречный, Арна ауылдарындағы балалар аулаларын жасауға және Шеңгелді ауылында арық жүйесін қалпына келтіруге  13,1 млн.теңге қарастырылған;
Қапшағай қаласындағы аулаларды жөндеуге 320,0 млн.теңге қарастырылған;
Жағажайларды абаттандыруға және оның қызметін ұйымдастыруға 67,9 млн.теңге қарастырылды;
Қонаев көшесін қалпына келтіруге 265,3 млн.теңге;
Қалада стелла орналастыруға 169,5 млн.теңге;
Қапшағай қаласының арық жүйесін жүргізуге 188,2 млн.теңге қарастырылды;
«Алматы-Демалыс» демалу аймағының жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 130,0 млн.теңге қарастырылды;
Әйтеке би, Центральная көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 198,3 млн.теңге қарастырылған;
5,2 шақырымды құрайтын Қонаев көшесінің орташа жөндеу жұмысына 256,6 млн.теңге;
Сарыбұлақ ауылының Рысқұлов көшесін жөндеуге 27,5 млн.теңге;
Қарлығаш ықшам ауданы көшелерін күрделі жөндеу құжаттарын дайындауға 12,0 млн.теңге;
Гүлдер ықшам ауданы көшелерін күрделі жөндеу құжаттарын дайындауға 4,8 млн.теңге қарастырылған.

 

Құрылыс

2018 жылдың 11 айында құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 7161,2 млн.теңгені құрады. 15,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда салынған үйдің көлемі 130,8% құрады. 2019 жылға жоспар 16,2 мың шаршы метрді құрайды.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында «Қапшағай қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру, Арна шағын ауданы» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды  67,1 шақырым инфрақұрылым тартылды.
Қапшағай қаласында 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Тұрғын үйге инженерлік коммуникациялық жүйелер құрылысы тартылды.
«Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 900 орындық орта мектептің  құрылысы» жобалау-іздестіру жұмысы әзірленді.
Ивушка ықшам ауданындағы Степная көшесі №3 жер  телімінде орналасатын 50-пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің жобалау іздестіру жұмыстары жүргізілді.
50 және 30-пәтерлі жалгерлік тұрғын үй  құрылысына қажетті инженерлік коммуникациялық желілерді тарту құжаттамалары жасалуда.
2019 жылға келесідей жобалар қарастырылған:
Қапшағай қаласындағы 50 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің  құрылысы мен  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысына 499,3 млн.теңге қарастырылған.

 

Әлеуметтік сала


2018 жылғы 11 айда  жұмыспен қамту бөліміне 2070 жұмыссыз азаматтар жүгінді.  Аталған бөлімнің қатысуымен 1325 адам жұмысқа орналастырылды. 2521 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Жыл басынан 200 азаматтарға 6 мамандық бойынша                (электргазбен дәнекерлеуші, аспаз, шаштараз, электромонтер, ЭВМ операторы, тігінші) қайта оқыту ұйымдастырылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 187 адам жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 493 адам жұмысқа жіберілді, оның  131-і ауылдық жерлерден.
Халықтың арнаулы тобынан әлеуметтік жұмыс орындарына 56 адам жұмысқа жіберіліп, 51 жұмыспен қамтылды.
Жастар практикасына 42 адам жіберілді, оның 33 тұрақты жұмыспен қамтылды.
17 азаматқа шағын несие берілді. Осы мақсаттарға 70,8 млн.теңге бөлінді.
Есептік кезең ішінде келесі  атаулы әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді, олар:
- кедейшілік шегінен төмен тұратын 926 адамға 40736,4 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек;
- 411 жанұяға 11800,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді;
- 48 мүгедек балаларын үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 1961,7 мың теңге беріліп, көмек көрсетілді;
- туберкулезбен науқастанған 26 адамға 1442,0 мың теңгеге көмек көрсетілді;
- ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 86,6 мың теңгеге, 111 ауған соғысы ардагерлеріне 5500,0 мың теңге компенсация төленді;
- өрттен зардап шеккен 4 азаматқа сомасы 481,0 мың теңгеге көмек берілді;
- барлық қаржыландыру көздерінен 365 адамға сомасы 3537,0 мың теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді.
Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан бөлінген  жолдамалар бойынша 60 адам денсаулығын түзетсе, 51 мүгедек қол арба, ал 167 мүгедек ортопедиялық көмек алды. Жыл басынан бері 107 мүгедек тифло-сурдо құралдарымен, 138 мүгедек міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді.
67 өздігінен қозғала алмайтын 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші тағайындалды.
2019 жылға «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде бастапқы төлемақыны төлеуді жүзеге асыру әлеуметтік көмек беруге 96,0 млн.теңге қарастырылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй несисіне 15,1 млн.теңге қарастырылды.

Білім саласы


Қалада және аймақта 8 мемлекеттік, 9 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме,  7 шағын орталықтар жұмыс атқарады.
Қапшағай қаласында мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында қаңтар айында 150 орындық «Нұр-бөбек», 45 орындық «Балбөбек» жекеменшік балабақшасы мен Кербұлақ ауылында 20 орындық «Көркемай» балабақшалары ашылды. Барлығы 2895 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 100,0% құрады.
Ұлттық біріңғай тестілеуге 236 оқушыдан 208 оқушы қатысты. Орташа балл 91 құрады. 21 «Алтын белгі» иегері мен 10 үздік атестат иелері айқындалды.
Bilim Media Group бағыты бойынша цифрландыруға 2 млн.850 мың теңге бөлінді. Компьютерлер сатып алуға 13,3 млн.теңге бөлінді.
Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. «Күнделік» жүйесіне 15 мектептің 13 қосылған, ол 86,6% құрайды.

2019 жылға келесідей шаралар қарастырылған:
11,6 млн.теңгеге жаңа модификациядағы кабинеттер сатып алынады;
IT кластардың материалды техникалық базасын нығайтуға 19,1 млн.теңге;
Пәндік кабинеттерге компьютерлер сатып алуға 13,5 млн.теңге;
№4, №5 мектептердің аулаларын абаттандыру мен қалпына келтіруге 50,0 млн.теңге;
«Газель» автобусын сатып алуға 10,0 млн.теңге;
Білім беру мекемелерінде бейне бақылау жүйелерін орнатуға 54,1 млн.теңге қарастырылған.

 

Денсаулық саласы


2018 жылдың 11 айында 22557 адам скринингтік тексеруден өтті. 455 науқас диспансерлік тіркелімге алынды. Күндізгі стационарда емделгендердің саны 2276 адамды құрады, ал тәуліктік статционарда 6670 науқас емделді. Халықтың денсаулығын нығайту және науқастану жағдайларының алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салты» бағдарламасына қатысты жұмыстар  бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылы сомасы 486,6 млн.теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. 
Диспансерлік тіркелімдегі науқастарға дәрі-дәрмектерді тегін тарататын дәрніхана жұмыс жасауда, сомасы 185,8 млн.теңгеге дәрі-дәрмек берілді.

 

Мәдениет, спорт және туризм


Қала тұрғындарының бос уақыттарын, демалыстарын ұйымдастыру жөніндегі істер тұрақты түрде жүзеге асырылуда. 2017 жылы Қапшағай қаласы мен өңірде 387 мәдени шаралар және конкурстар ұйымдастырылып, өткізілді.
Қапшағай қаласы тұрғындарының мәдени демалысын жүзеге асыруда «Қапшағай қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі мен ауылдық округ кітапханалары өз ықпалын тигізуде. Қалалық білім бөлімі, әскери бөлімдер мен қала кәсіпорындарымен оқу конференциялары, жазушылармен кездесулер ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 190 шара ұйымдастырылды, 46,5 мың адам қатысты. Барлығы 202 мақала жарияланды.
Тұрғындардың салауатты өмір сүру салтын қалаптастыру мақсатында қалада және ауылдық округтерде бұқаралық спорт түрлерін дамытуға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілді.
Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі жоғары білікті спортшылар даярлау болып табылады. Спорттың 18 түрі бойынша қалада барлығы 170 спорт нысандары жұмыс істейді, оған 2009 адам қатысады. Есептік кезеңде 36 ірі бұқаралық-спорт шаралары өткізілді. Спортпен тұрақты шұғылданатындардың саны 17890 адамды немесе қала тұрғындарының 29,0%-ын құрады.
2018 жылы 4 спорт шебері, 42 спорт шеберлігіне кандидаттар даярланды, 52 адамға 1 дәрежелі ересектердің спорттық және 194 – жасөспірім разряды тағайындалды. Қаланың және аймақтық спортшылары республикалық және облыстық жарыстарда 1168 медаль иеленді, оның 376 - алтын, 792 – күміс және қола. 102 спортшы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына кірді.
Қалалық жағажай аумағында жағажай футболы мен волейболына арналған орталықтар құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Қала тұрғындарын сапалы түрде спортпен қамту мен әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу мақсатында 2019 жылы спорт сарайының құрылысы жоспарлануда.
Қапшағай су қоймасы жағалауында жайлы коттедждермен, жазғы кафелермен, автотұрақтармен жабдықталған 146 демалыс базасы орналасқан.
2018 жылы  туристтік-сауықтыру бойынша  қызмет көрсету көлемі – 1650,3 млн.теңгені құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты. Демалушылар саны 700 мың адамға жетті.
Ішкі және сыртқы туризімді дамыту шеңберінде сомасы 758,0 млн.теңгеге қалалық 2 жағажай қалпына келтірілді (аумағы 1,7 га мен 7,5 га).
Жағажай аумағында 265 көлікке арналған автотұрақ, жазғы демалыс орындары, кафелер, сауда алаңдары кіреді. Спорт алаңдары мен жүгіру алаңдары орналасқан. Декоративті жарықтандыру мен жағажай футболы мен волейболына арналған алаңдар жұмыс атқарады. Барлығы 29 бизнес нысандары ашылды, 135 жұмыс орны құрылды.
Жағажай аумағын дамытуға орай қалада туристтік сала серпін алды. 2018 жылы  50 адамға арналған «Del Mare» демалу базасы іске қосылды. Жағажай маңында орналасатын 24 орынға арналған жаңа демалу базасының құрылысы жүргізілуде.
ЖК «Нуржан» демалу базасының кеңею жұмысы аяқталды база 36 адамға арналған қонақ үймен толықты. «Ясмин» туристтік комплексі іске қосылды. 


2019 жылы туристтік қызмет көрсету көлемін 1810,0 млн.теңгеге, туристтер санын 800,0 мың адамға жеткізу жоспарлануда.

Қоғамдық тәртіп


Қала бойынша 2018 жылдың 11 айында барлығы 935 қылмыс саны тіркелген, ал 2017 жылдың осы мерзімінде 1028 қылмыс жасалған.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес құқық қорғау саласына қоғамдық құрылымдарды тарту, оны дамыту бойынша іс-шаралар атқарылуда.
Нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу мақсатында оқу орындарында «Жастар есірткіге қарсы», «Есірткіге жол жоқ» тақырыбына лекциялар мен түсінік беру жұмысы өткізілуде.
Қаланың қылмыстық жағдайын сауықтыру бойынша қабылданған шаралар  аясында «Жасөспірім», «Мектеп кештері», «Түнгі қаладағы балалар», «Отбасы және балалар» іс-шаралары  өткізілді. Жасөспірімдердің жиналатын жерлерін анықтау мақсатында рейдтік тексерулер жүргізілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыстарды ашу үшін Қапшағай қаласында «Көршілік бақылау - Нөлдік шыдамдылық» қылмыстың алдын алу бағдарламасы енгізілді.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен криминогендік жағдайды жақсарту, қылмыстың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз қала» концепциясын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Соған орай, қазіргі уақытта тұрғын үйлерге бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргзілуде. Сонымен қатар көше мен аулаларды бақылауға орай, бейнебақылау жүйелерін орнатуға қатысты жұмыстар жасалуда. Жоба бойынша барлық бейнебақылау жүйелері жылдам басқару орталығына жинақталатын болады.
Заречное ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған участкелік полиция пунктінің (УПП) құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
2019 жылы Шеңгелді ауылында өртке қарсы пост құру жоспарланған, оған 15,7 млн.теңге қарастырылған.

Әкімнің бақылауында

2018 жылдың қаңтар айында Қапшағай қаласының әкімі қала тұрғындарымен  5 есепті кездесулер өткізді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында 19 адамнан әр-түрлі әлеуметтік сауалдар қойылды. Кездесулер барысында қала әкімі тарапынан түсініктемелер берілді.
Қаржы бөлінуді қажет ететін және жоғары тұрған органдармен келісуді талап ететін 12 ұсыныс көтерілді, аталған сұрақтар есеп беру кездесулерін өткізу кезінде азаматтардың айтқан ұсыныстарын  жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді, олар:
4 - жол жөндеу жұмыстары жайында, 4 – абаттандыру  жайында, 3 – тұрғын үй мәселесінің, көпірдің, су жүйесінің жайында, 1 – сервистік дайындау орталығы  жайында.
Қазіргі уақытта көтерілген 12 мәселенің толығымен орындалғаны 10;
2 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі.
Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында қаралған, ақпараттар «Нұрлы Өлке» газетінің беттерінде және қала әкімінің ресми интерент ресурсына жарияланған.

 

Бөлім басшысы                                                            А. Сатыбалдиева

 




Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .