Kapshagay.gov.kz

Ардақты ағайын! Қадірменді қауым!

Главная


 

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.», - деген болатын.
Тәуелсіздіктің әрбір жылы еліміз үшін өте маңызды тарихи оқиғалар мен құбылыстарға толы болды. Осыдан 27 жыл бұрын - 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туымыз, Елтаңбамыз, Гимніміз, Ата Заңымыз, ұлттық валюта – теңгеміз, жаңа астанамыз дүниеге келді. Ішкі және сыртқы саясатымыздың басым бағыттары белгіленді.
Осы орайда, біздің Қапшағай аймағының халқына да тәуелсіздік жылдары береке мен бірлікті, ырыс пен ынтымақты молынан ала келді.
Біздің осындай табыстарымызға себеп болған - ең алдымен жеріміздегі бейбітшілік, еліміздегі ынтымақ пен  бірлік, ұлтаралық келісімнің ұйытқы болуы.
Әрқашан да әрқайсымыздың «Кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға жақсылық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке-бірлік тілеймін. Еліміз тыныш, тұғырымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын ағайын!


  Қапшағай қаласының әкімі аппараты



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .