Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік қызметшілерімен сыйлықтарды өткізу туралы

Главная


 

 

Ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы мерекелердің қарсаңында Қапшағай қаласы әкімдігінің кадр қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдары өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты сыйлықтарды уақытылы уәкілетті мемлекеттік мүлік және жекешелендіру мекемесіне немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізу қажет екенін ескертеді.
Мемлекеттік қызметші (білмей келiп түскен, ол өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты, сондай-ақ ресми шаралар өткізу кезеңінде) алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде Қазақстан Республикасы  қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне немесе  жергілікті атқарушы органдарға уақытылы тапсыруға жатады.
 Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 472-бабының 1-тармағына 4 тармақшасында сыйлықтары түріндегі мүлікті уәкілетті органға толық және (немесе) уақытылы берілмегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.


  Қапшағай қаласының әкімі аппараты



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .