Kapshagay.gov.kz

«Ұрпақ және гендер» іріктемелі зерттеу бойынша хабар

Главная


 

Мемлекеттік статистика басқармасы Қапшағай қ. алғаш рет мақсаты туудың дамуы, отбасыны қалыптастыру, отбасыдағы гендер және ұрпақаралық қарым-катынастар бойынша өзекті және обективті деректер алу болып табылатын «Ұрпақ және гендер» іріктемелі зерттеуін өткізуде.

Соңғы бірнеше онжылдықта отбасы қатынастары қатты өзгерді, отбасылар тұрақсыз болып тұр, сондай-ақ ұрпақ арасындағы қатынастар өзгерді. Алынған деректер болып жатқан өзгерістерді түсінүге және тиімді отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты әзірлеу арқылы қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі.

Қапшағай қаласында сұрақтама алу бойынша 66 үй шаруашылық қосылды. Сізден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге Сіз және сіздің үй шаруашылығыңызға қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады.
Зерттеуге қатысушы ретінде Сіз мүлде кездейсоқ таңдап алындыңыз, себебі іріктеу статистикалық деректер базасынан математикалық, кездейсоқ әдіспен жүргізілді.

Сауалнамалық пікіртерім жүргізу үшін 2018 жылғы 16 сәуір мен 31 шілде аралығында Сізге арнайы куәлігін бар интервьюер келеді .

Сізден алынған ақпарат қатаң құпияда сақталатындығына және тек статитискалық мақсаттарда ғана қолданылатынына кепілдік береміз.

Біз әңгімелесуге өзіңіздің бос уақытыңыздың бір бөлігін бөлетініңізді түсінеміз және Сізге зерттеуге көмектескеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі және мемлекет саясатының тиімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.

Сіз Қапшағай қ.  Статистика басқармасы бойынша байланыс телефонына қоңырау шалып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Телефон: 8-727-72-4-14-55, 8-727-391-63-22 .
Біздің мекенжайымыз: Қапшағай  қ. Жамбыл көшесі 13, 517каб.

 

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!


  Қапшағай каласының статистика басқармасы



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .