Kapshagay.gov.kz

Құрметті ағайын, бауырлар!

Главная



Бар мұсылман үшін  қасиетті, берекеге толы, жыл он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Ораза тұту - игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Баршаларыңызды қасиетті Ораза айы мейрамымен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» деген ұлағатты сөзін ескерсек, бұл біздің одан әрі ауызбіршілікте болуымызды талап етеді.
Сондықтан, қазіргі уақыттағы басты мақсатымыз – дәстүрлі дінімізді, салтымызды шынайы дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылыққа, рухани бірлікке баулу. Бүгінгі мемлекетіміздің бастыда, ұлы мұраты – осы барша Қазақстан халқын береке-бірлікке, тату тірлікке жетелеу.
                                      Қадірлі жерлестер!  
Жаратқаннан тілеген дұғаларыңыз қабыл, ынтымақ пен береке бастауы болған мұраттарыңыз асыл болсын! Жүректеріңізге иман шуағы ұялай берсін! Баршаңызға денсаулық және береке-бірлік тілеймін! Қасиетті Рамазан айы әрбір шаңыраққа бейбітшілік пен мол игілік әкелсін.          Оразаларыңыз қабыл болсын!

Құрметпен,
қала әкімі Т.Қайнарбеков


  Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .