Kapshagay.gov.kz

«Тазша бала» қалалық байқауы

Главная


«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қапшағай қаласы мектеп оқушыларының арасында “Тазша бала” байқауы  ұйымдастырылды.  Жас өрендер қырық өтірік айтудан, тапқырлық пен шешендік өнерін көрсетуден сайысқа түсті.
«Тазша бала» байқауы  4  кезеңнен тұрды. «Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті» бөлімінде оқушылар сөзіне бір ауыз шындық қоспай, өзін таныстыру қажет болса, “Әттең мен тазша болмағанда” сайысында көрініс қойылды.  Ал соңғы бөлімде ер балалар сахнада ертегіден жақсы таныс Тазша баланың рөлін сомдады. Жарысқа қатысушылар қойылған сұраққа тапқырлық танытып, жауап беру қиынға соққанын айтады. Тапқырлығы мен шешендігін көрсетіп, өтіріктің майын тамызған өрендер сайыс соңында естелік  сыйлықтармен марапатталды. 
Байқаудың  мақсаты:  халық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау, жастардың қиял көкжиегін кеңейту, Тазша бала бейнесі арқылы қазақ халқының тапқырлығын, әзілкештігін, ұлттық өнерін насихаттау.
Байқау жеңімпаздары: 1 орын –  №3 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Ермек Ерасыл, 2 орын – орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Айтмұхамет Темірлан, 3 орын - №4 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бекенова Анеля.

 

Бөлім басшысы:                                                        Б.Шәйкенова


  Тiлдердi дамыту бөлiмi



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .