Kapshagay.gov.kz

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

Главная


 

Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды және келесі жағдайда Бағдарламаға қатысуға болады :
1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауына,  лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;
2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;
3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылуы мүмкін.
Кәсіптік оқыту:
1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.
         Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер:
1) 29 жасқа дейінгі тұлғалар;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз тұлғалар;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар болып табылады.
Бағдарламаға қатысатын үміткерлерді іріктеу:
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына; білім беру ұйымдарына, ӨКП-ға; кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдеріне өз бетінше жүгіну;
халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын үміткерлердің ішінен таңдау арқылы жүргізіледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берген кезде үміткер мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркеп, қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек кітапшасы (болған жағдайда);
3) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ болған жағдайда, оқығанын растайтын құжаттар (куәлік, сертификат);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Денсаулық жағдайы туралы анықтама көшірмесі қатысушылардың тізіміне қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін тіркеледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен Бағдарлама қатысушылары оқу ақысын төлеу үшін мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен және өзге қалалардан келген тұлғалар үшін тұруға материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өту үшін Бағдарлама қатысушыларына білім беру ұйымдарында оқу кезінде жол жүруге арналған  материалдық көмек оқудың барлық кезеңі үшін 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Жол жүруге арналған материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз төленеді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.


  «Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .