Kapshagay.gov.kz

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ІІ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Главная


      2018 жылғы 19 ақпанда Талдықорған қаласының «Тіл Сарайы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасындағы Жол картасының қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімнің орындалуы бойынша Алматы облысы кәсіпкерлері мен инвесторларының форумы өтті, сондай-ақ бірлескен ынтымақтастықтың жаңа бастамалары таныстырылды.
Форумға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Ө.Нұрғисаев, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаментінің басшысы Д.М.Тұрғанбаев, Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Б. Әбілшайықов, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.И.Тохтахунов, аудан әкімдіктерінің өкілдері, (аудандар мен қала әкімдерінің орынбасарлары), Алматы облысының кәсіпкерлері мен инвесторлары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы өз сөзінде, мемлекеттік органдардың есеп беру және бағалау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ сыртқы бағалау механизмдерін анықтау арқылы қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын құру, кәсіпкерлер мен инвесторлардың мемлекетке деген сенімін арттырады - деп, атап өтті.
Форумның соңында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаменті, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаменті мен Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында «Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімдер» атты төрт жақты меморандумға қол қойылды.


  Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .