Kapshagay.gov.kz

Алғыстарын білдіріп, табыс тіледі

Главная



Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков «Қапшағай жылу» кәсіпорнында болып, осында еңбек ететін қызметкерлерімен жүздесіп, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын кеңінен түсіндіріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есебімен жан-жақты таныстырды.
Жиналысты кіріспе сөзбен ашқан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлан Аққойшы жиынның мақсат-міндеттеріне тоқталды.
Алғашқы сөз кезегін алған «Қапшағай жылу» мекемесінің басшысы Сейдахмет Даданбеков өзі басқарып отырған ұжымның тыныс-тіршілігі жайлы сөз қозғады.
Одан кейін қала әкімі Талғат Қайнарбеков сөз алып, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылып жатқандығын, жылу жүйесі жөнделіп, жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жұмыс орындары ашылғандығы іспетті   халық игілігі жолындағы табысты жұмыстарды әңгімесінің арқауына айналдырды.
Басқосу барысында шаһар басшысы Қапшағайдың өсіп-өркендеуі, даму қарқыны жайында слайд көрсетілімдері арқылы баяндап берді. Сонымен бірге өңірде өндіріс пен ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, туризм, тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік салалар бойынша бір жылда атқарылған қыруар істер жайына тоқталып, бола­шақтың енші­сіндегі кей­бір жобалар аясында  атқарылатын жұмыстардың  басталып та кеткендігін және сонымен бірге үстіміздегі жылы жүзеге асыруды межелеп отырған іс-жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, балаларға арналған емхана мен жедел жәрдем стансасы, 900 орындық мектеп салу жоспарланып отырғандығын, қала тұрғындарының алғашқы легі бұған дейін ең өзекті болып келген көгілдір  отынға  қол  жеткізгендігін тілге тиек етті.
Жиында спорт, мәдениет, білім, денсаулық салалары бойынша атқарыл­ған жұмыстар барысы да ұмыт қалмады.
Бұл басқосуда қала әкіміне сұрақ берушілерден гөрі, оның атқарған істеріне көңілдері толған­   адамдар алғыс сезімдерін білдіріп жатты. Солардың ішінде шаһардың өсіп-өркендеуі бағытында Талғат Қанатұлының атқарып жатқан жұмысына Эльмира Павловнаның «Соңғы бір жылда Қапшағай қаласы қалың ұйқыдан оянғандай күй кешіп жатқандай...» деп бағалағандығын айта кеткен  жөн.
Одан басқа да өздерінің  ой-пікірлерін бөліскен кәсіпорын еңбеккерлері қала әкімінің Қапшағай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарған ілкімді істеріне ризашылықтарын білдіріп, келешекке жоспарлаған жұмыстарының сәтті орындала беруіне тілектестіктерін жеткізді.

 

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

 

 


  Айжарық КӨПТІЛЕУОВ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .