Kapshagay.gov.kz

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Главная



2018 жылдың 13 ақпан күні Заречный ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту мекемесі қызметкері А.С.Мустинаның ұйымдастыруымен және Заречный ауылдық округі әкімі Б.Ф.Дүйсенбаевтың қатысуымен атаулы әлеуметтік көмек жәйлы түсіндірме жұмыстар жүргізу  мақсатында, Заречный және Арна елді-мекендерінде тұратын жұмыссыз жастармен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Округ әкімі Б.Ф.Дүйсенбаев жастарға әлеуметтік көмектер жәйлы баяндама жасай отырып, жастарды жұмысқа шақырып, жұмыспен қамту мекемесі қызметкерімен таныстырып сөз берді.
Кездесу барысында,  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту мекемесі қызметкері А.С.Мустина келесідей әлеуметтік көмектің талаптарымен таныстырды. Бүгінгі таңдағыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесуді білдіреді, яғни жұмыссыз жүрген жастар, отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады, сондай-ақ жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге шағын несие беріледі. Осыған орай, айта кетсек қаңтар, ақпан айларында Заречный ауылдық округі бойынша атаулы әлеуметтік көмекті жеті отбасы алып отыр.
Егер отбасындағы адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болса, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетілетінін айта кетті. 

 

 


  Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .