Kapshagay.gov.kz

  24 наурыз -дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні!

Главная


  

 

    Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағының бастамасы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 1982 жылдың 24 наурызынан бастап аталып өтеді және бұл күн туберкулез ауруының қоздырғышы - Кох таяқшасының ашылуына қарай орайластырылған. Туберкулез ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалы ауру. Жыл сайын  еліміздің барлық өңірлерінде 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында  туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күне орай айлық өткізудің мақсаты: халықты профилактикалық медициналық тексеру, туберкулездің алғашқы белгілерін анықтау, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпарат алуын арттыру.Соңғы 10 жылда елімізде туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында халықтың туберкулезбен аурушаңдылығын және өлім-жітімінің өсуін төмендетуге қол жеткізілді. Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында Қапшағай қаласында 22 ақпан күні Алматы Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерлік өкілдерімен және  «Қапшағай қалалық ауруханасы» мен бірлесе отырып, Қапшағай қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында бизнес өкілдерінің қатысуымен «Туберкулездің бизнеске ықпалы» атты семинар өткізілді. Және де «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мен  «Алға» базары аумағында  «Туберкулез Сіздің бизнесіңізге қауіп төндірмейді», «Салауатты өмір салтын ұстан!» атты іс-шара  өткізілді. Іс- шара барысында халық флюрографиялық әдіс арқылы өкпе қуысын тексеруден өтті және туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық және оқу-әдістемелік материалдар таратылды. Елімізде туберкулезді жаңа дәрілермен емдеудің қысқа мерзімді схемалары енгізілуде. Сонымен қатар, Қазақстанда туберкулезді алдын алу,диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізілетіндігін ескерте кету қажет. Туберкулез уақытылы айқындалып, бейілді емделген жағдайда, одан толық айығып кетуге болады.

 

«Қапшағай қалалық ҚДСБ» РММ
 Бас маманының м.а.                                                                   Темірбекова Ә.

 


  «Қапшағай қалалық ҚДСБ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .