Kapshagay.gov.kz

  «Қауіпсіз тамақтану таңда!»

Главная


  

 

Қауіпсіз тағамды дұрыс таңдай аламыз ба? Сауда орындарында сатылымда көптеген  тағам өнімдерін тұтыну қаншалықты зиянсыз екенін білеміз бе?
Еліміздің барлық аумағында «Қауіпсіз тамақтануды таңда!» атты акциясы өткізілді. Осыған байланысты 2018 жылы наурыз айында апта сайын «Қапшағай қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ және Қапшағай қаласындағы «Ұлттық сараптама орталығы» мамандарымен «Small» шағын маркетінде және «Сity Plus» ойын-сауық кешінде «Қауіпсіз тағам таңда!» атты акциясын өткізеді. Мамандармен қауіпсіз тағам жайлы мағлұматтар мен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, парақшалар және кітапшалар таратылады. Өткізілген акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың еш зиянды қоспасыз азық-түлікпен қамтылуын қадағалау болып табылатын шара барысында ұлттық сараптама мамандары көрнекті түрде экспресс әдіспен көкөністер мен жемістерді нитратқа, сүт тағамын қышқылдылық пен фосфатаза көрсеткіштеріне, бал шынайылығын және аспаздық өнімдердің термиялық өңделу сапасын анықтап береді. Барлық қатысушыларға сатып алынған тағам өнімдеріне зертханалық зерттеулер жүргізулеріңізді және белсенді түрде акцияға қатысуларыңызды сұраймыз.

 

«Қапшағай қалалық ҚДСБ» РММ бас маманы                          А. Гарифова


 

 


  «Қапшағай қалалық ҚДСБ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .