Kapshagay.gov.kz

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»

Главная



Үстіміздегі жылы 18 шілдеде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Алматы облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылған болатын.
Осы Меморандум аясында 2017 жылғы 28 тамызда "БЖЗҚ" АҚ Алматы қалалық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің мамандары Қапшағай қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қапшағай қаласының Әкімінің Аппараты көмегімен конференц-залына келесі құрылымдық бөлімшелерінен 123 қызметкер шақыртылды:
ММ «Қапшағай қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»;
МҚМ «Қапшағай қалалық кітапханасы»;
ММ «Қапшагай қаласының №4 орта мектебі» Білім беру бөлімі;
МҚК «Қапшағай қаласы әкімдігінің «Гүлдер» бала бақшасы»;
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қапшағай қалалық бөлімшесі;
сонымен қатар «НұрОтан» партиясының Қапшағай қалалық филиалы өкілдері шараға қатысты.
Жоғарыда аталған іс-шараларда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту,  міндетті зейнетақы жарналарының көлемін ұлғайту, ақпарат беру мәселелері бойынша зейнетақы жүйесін жаңғырту, сондай-ақ Қордың электрондық қызметтерін алу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

 

 

 

 


 



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .