Kapshagay.gov.kz

Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы

Главная


 

 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.
      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясат:
      1) адамның құқықтарын сақтау;
      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ізгілік, еріктілік, құпиялылық, атаулылық және қолжетімділік;
      3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы;
      5) кешенділік;
      6) әлеуметтік ықпалдасу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту принциптеріне негізделеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
      1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшін жағдай жасау;
      2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету;
      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
      4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің мониторингі және оның сапасын бағалау жүйесін дамыту;
      5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер
 1. Адам (отбасы) мынадай:
      1) жетімдік;
      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
      4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
      9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
      11) пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері
      1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):
      1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруге;
      2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу шарттары туралы ақпарат алуға;
      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға;
      4) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;
      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;
      6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
      7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы):
      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау және оларды көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат беруге;
      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау процесіне кедергі келтірмеуге;
      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді осы қызметтерді көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруі
      1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұратын жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне:
      1) Жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне;
      2) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге ақылы қызметтерге;
      3) Мыналарға:
Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге;
тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерге;
баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне жазбаша өтініш беру арқылы жүгінеді.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше оны бере алмау себебін көрсете отырып:
      1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;
      2) қамқоршысы (қорғаншысы);
      3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам;
      5) мынадай:
 әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау;
баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъект;
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйым бере алады.

     Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайтын өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі критерийлер:

  1. тыныс-тіршілігінің шектелуі;

 2) әлеуметтік бейімсіздік;
      3) әлеуметтік депривация;
      4) қолайсыз әлеуметтік орта болып табылады.
           Әлеуметтік жұмыскер адамдардан өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды және айқындауды жүргізеді.
          Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау негізінде қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
Адам саудасына және баспанасыздыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемдерін ұсыну бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдары арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдағанға дейін осы адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерде, олар бюджет қаражаты есебінен ұсынылған (көрсетілген) жағдайда тұра алады.
Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынудан бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды жүргізу және оны айқындау үшін ұсынылған құжаттарды қайтарады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
      1) осы Заңның 6-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеуі;
      2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыс еместігі негіз болып табылады.
Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер оларды көрсету туралы шешім қабылданған күннен бастап жүзеге асырады.
Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер жасасқан шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Баспанасыздық, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тұратын жеріне қарамастан ұсынылады.

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту
 және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
 мемлекеттік мекемесі


 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .