Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласындағы спорт кешенің ашулы

Главная


 

    2017 жылғы 28 шілде күні Қапшағай қаласында алғашқы спорт кешенінің ашылу салтанаты түрде өтті. Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз. Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені - сау, білімді, білікті, жан - жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Қазақ халқы бірінші байлық - денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Қалалық саябақты қайта жаңарту жобасын іске асыру мақсатында спорт мектебі аймағында спорт кешенінің ашылуы жоспарланып 28 шілде күні тікелей қала әкімі Т.Қайнарбековтың қолдауымен аталмыш спорт кешені халық игілігі үшін пайдалануға берілді.


 


  Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .