Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Главная



  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының  22 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қапшағай қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Шеңгелді ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде:  1982 жылы туған, Қапшағай қаласында тұратын,  «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абауов Мұратбек Қанибекұлы, 1956 жылы туған, Шеңгелді ауылында тұратын,  Шеңгелді ауылдық округінің әкімі  Қойлыбаев Ерғазы Аққойшыұлы және 1977 жылы туған, Қапшағай қаласында тұратын  «Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Уалиев Бейбіт Мұсаханұлы тіркелгендігі, сонымен қатар       Заречный ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде: 1968  жылы туған, Қапшағай қаласында тұратын,  «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдиханов Ғани Рыстайұлы, 1981 жылы туған, Қапшағай қаласында тұратын, Заречный ауылдық округінің әкімі  Дүйсенбаев Берік Фатықұлы,     1979  жылы туған, Қапшағай қаласында тұратын,  Арна ауылындағы №11 орта мектебінің директоры, Сатаев Исатай Иманғалиұлы тіркелгендігі туралы хабарлайды. Кандидаттардың барлығы «Нұр Отан» партиясының мүшелері.


 



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .