Kapshagay.gov.kz

«Әлемді таң қалдырған Астана»медиа-әңгіме сағаты

Главная


 


Астана күні – еліміздегі жарқын да жасампаз мерекелердің бірі. Мерейлі мерекеге орай Қапшағай қаласының қалалық кітапханасында «Әлемді таң қалдырған Астана» медиа-әңгіме сағаты өткізіліп,  қаламыздың «Малыш» балабақшасының «Қарлығаш», «Бүркіт» ересек топтарының бүлдіршіндері, тәрбиешісі Г.Шанбаева, педагог-психолог Р.Сайкенова және «Балауса» балабақшасының «Құралай», «Балапан» топтарының бүлдіршіндері, тәрбиешілері: Ш.Бекмагамбетова, М.Нұрсеитова, М.Айдынбековалар қатысты. 
Шара барысында кітапханашы Г.Мукилова бүлдіршіндерге Астана қаласындағы зәулім ғимараттармен таныстырып өтссе, Д.А. Қонаев атындағы №1 орта мектеп 5 сынып оқушысы Сембаев Куаныш «Әсем қала – Астана» атты өзі шығарған жырын тебірене оқып берді, ал қазақ, үнді билерін мың бұрала Аяулым, Арайлым Шаяхметовалар билеп берді. Балабақша бүлдіршіндері де, өздерінің тақпақтарын оқып, өз білімдерін көрсетті.


 


  Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .