Kapshagay.gov.kz

«Азық-түлік өнімдерін өндіру зауыты Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылдық округі» жобасы

Главная


 

Mareven Food Holdings азық-түлік өнімдерін және жартылай фабрикаттарды өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларға арналған тікелей инвестицияларға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өңірлерде заманауи дистрибуция жүйелерін құру және дамытуға арналған инвестицияларға маманданады Холдинг акционерлерінің инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 70-тен астам елде 100% үлесі бар және бірлескен кәсіпорындар ретінде жылына 10млрд. өнім бірлігін шығаратын табысты тәжірибесі бар
РЕСЕЙ және Украина инвестициялық жобаларына 155 және 47 миллион АҚШ доллары инвестицияланды.

Холдинг бренді бар өнім 22 елде іске асырылуда. 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша Холдингкее жұмысқа 2 284 жұмысшы орналастырылды.

Заманауи өзінің логистикалық және қойма инфрақұрылымы бар  азық-түлік өндірісі жобасы «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС арқылы Қазақстан Республикасы Алматы облысы аумағында жалпы көлемі 120 000 м2 құрайтын алаңында іске асырылады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 50 млн. АҚШ доллары.
Тәулік бойы және үздіксіз дайын өнім шығарылса, зауыттың есептік өндірістік қуаты 780 млн. бірлікке дейін (шамамен 98 мың тонна) жетеді. Өндіріске керек шикізаттың негізгі үлесі қазақстандық шикізат жеткізіп берушілерден сатып алынатын болады.

Көлемі 900 000 дайын өнім қораптарын сыйғызатын зауыттың заманауи қойма кешені Қазақстанның ішкі нарығын және Еуразиялық аймақтағы көрші елдердің - Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Моңғолия нарығын өніммен қамтамасыз етеді.
Жобаның іске асырылуы жергілікті халық үшін бәсекеге қабілетті жалақысы және үнемі біліктілігін арттыру, оқыту мүмкіндігі бар 600-ге дейін жаңа жұмыс орның құруға мүмкіндік береді.
31.05.2017 жағдайы бойынша «Азық-түлік өнімдерін өндіру зауыты Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылдық округі» жобасына 20 миллион АҚШ доллары инвестицияланды.
Бүгінгі күні орындалған жұмыстар: жұмыс жобасын әзірлеу мен мемлекеттік сараптамадан жобалау – СМЕТАЛЫҚ құжаттама- 100%, жер қазу жұмыстары – 100%, сумен жабдықтау сыртқы магистральдық құбырларды және канализация құрылысы – 100%, сыртқы электр желілері – 60%, БӨП қосалқы ғимараттарының және инженерлік блок құрылысы – 60%, іргетастарды құю – 45%, металл монтаждауы-13%.

                                                


 


  Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .