Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы бойынша 2017 жылы 16 маусымда өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы ақпарат.

Главная



«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2017 жылы 16 маусымда «Бәйтерек» Бизнес-орталығында Қапшағай аймағындағы жұмыссыз азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
                Жәрмеңкеге қаладағы барлық кәсіпорындар, мекемелер, шаруа қожалықтарының басшылары мен кадр бөлімінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер шақырылды.
Өткізілетін жәрмеңке туралы хабарландырулар алдын –ала көрнекті жерлерге  ілінген, жергілікті «Нұрлы Өлке» газетінде және «SNI Compani» телекомпаниясында хабарландыру жарияланған.
Жәрмеңкеге Қапшағай аймағынан барлығы 18  кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері «Қапшағай Тұрғын үй» ЖШС, «Қапшағай Су Құбыры» МКМ, казино «Бомбей», «Астория», № 1,5,4 орта мектептер, орта мектеп-гимназиясы, «Рыбпром» ЖШС, «МО-25» ЖШС, «SNI Compani»  ЖШС, «Қапшағай АТО» ЖШС, «22-ші жол пайданалану участікі» РММ, Іле филиалы РМҚК «Қазақстан су жолдары», «Балдаурен» лагері, Қапшағай қалалық ауырханасы, «AGRO-FOOD» ЖШС және басқалар қатысты.
Жұмыссыз азаматтар ішінен жәрмеңкеге 87 адам қатысып, 53 бос жұмыс орындары көрсетілді:
бас есепші-1, бағдарламашы-1, электромонтер-1, сантехник-1, қазандық машинисі-1, слесарь-1, газэлектрмендәнекерлеуші-3, биіктеуші монтажник-2, аспазшы-2, ағаш ұстасы-бетоншы-3, кран машинисі-2, лаборант-1,дәрігерлер-10, мұгалімдер-11, хатшы-2, технолог-1, дилер-4, горничный-2, супервайзер-2, даяшы-2.
Жәрмеңке нәтижесінде Казино «Астория» - 10 адам дилер, горничный, даяшы, «МО-25» ЖШС - 5 адам ағаш ұстасы-бетоншы, биіктеуші монтажник, «Рыбпром» ЖШС - 1 адам технолог, «SNI Compani»  ЖШС-1 бас есепші, «22-ші жол пайданалануучастікі» РММ-1 адам газэлектрмендәнекерлеуші, «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ - 1 заңгер мүмкіндігі шектеулі азаматты  жұмысқа орналасуға жолдама берілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде үшінші бағыты «Еңбек нарығын дамыту» бойынша  жастар практикасына  жоғарғы және кәсіптік орта білімімен - 5 азамат, қоғамдық жұмысқа - 6 азамат ұсынылды.
Жәрмеңке барысында, болашақта жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында 57 жұмыссыз азаматтардың түйіндемелері қабылданды.

                                   


 


  «Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .