Kapshagay.gov.kz

Құрметті «Алтын белгі» иегерлері! Қадірлі ұстаздар мен ата-аналар!

Главная


 

                                         
Үздік бітірген түлектерімізді өмірлерінің ең маңызды, ең жарқын әрі, ерекше қуанышқа толы «Алтын арман -2017» мерекелік кешімен шын жүректен құттықтаймын!  
Бұл – «Алтын белгі» иегерлерімен қатар ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар, жалпы қапшағайлықтар үшін үлкен мәртебе.  
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.», - деген еді.
Осы орайда, өскелең ұрпақтың еркін білім, тәлімді тәрбие алуларына өңірімізде қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Соның нәтижесінде озат оқушыларымыз облыстық, республикалық ғылми жобларға қатысып, «Флекс» бағдарламасы бойынша тәжірибие алмасып және халықаралық «Айлс» сертификатын 40-қа жуық оқушы иеленді. Бүгін міне сол табыстарды «Алтын белгіге» ие болған 21 түлек, 16-ты  «Үздік аттестат» игері еселеді.


Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

«Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу» деген екен ұлы ғұлама әл-Фараби бабамыз. Сондықтан, жаңалыққа жаны құмар, әлемнің көшіне ілесетін, озық ойлы жастар ретінде сіздерден үлкен үміт күтеміз.
Жоғары білім алып, Отанымыздың білікті маманы ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін.
Бүгінгі «Алтын белгі» иегерлеріне, барлық жас түлектерге осындай тілек айта отырып, үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер, Ақ жол! – дейміз.

 

Құрметті жас түлектер!
Сіздерге ақ жол тілеймін!  Тәуелсіз еліміздің абыройын асырып, биік белестерге жете беріңіздер!

 

 

 

 


 



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .