Kapshagay.gov.kz

«Болашақ энергиясы»

Главная



Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздағы бүкіл жандыны сақтап қалу үшін халықаралық қоғамдастықты жауапкершілік сезіміне шақыру.
2013 жылдың 30 мамырында Елбасы «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы туралы» жарлығын қабылдады.
«Болашақ энергиясы» тақырыбына ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстан елордасында 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді. Көрмеге бүкіл әлемнен 5 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде.
«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру.
«Жасыл» технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам өсуде және баламалы энергетиканың көптеген технологиялары таяудағы болашақта дәстүрлі көздермен салыстырғанда электр энергиясы өндірісінің неғұрлым шығынсыз тәсілдерін ұсынады.
Қапшағай өңірінде жаңармалы энергия көздерінің барлық түрлері бойынша нысандар қызмет жасауда, оның ішінде: «АЛЭС» АҚ-ның Қапшағай гидро электро станциясы, «Аннар» ЖШС-нің жел электро станциясы, «Samruk Green Energy» АҚ-ның күн электро станциясы.
«АЛЭС» АҚ-ның Қапшағай гидро электро станциясы 1969 жылдан бастап жұмыс жасайды. Қуаттылығы 360 МВт құрайтын кәсіпорында 2016 жылдың қорытындысы бойынша 1724,1 млн. кВт электр энергиясы өндірілген. Кәсіпорын Алматы облысы аймағындағы ірі электр энергиясын өндіруші болып табылады.
2016 жылдың маусым айында «Аннар» ЖШС-нің 5 жел электро генераторынан тұратын, қуаты 4,5 МВт станциясы іске қосылған еді. Станцияның негізгі құралдары Европадан жеткізіліп, жалпы құны 1,4 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. Кәсіпорын 2017-2018 жылдарда Шеңгелді ауылдық округінің аумағында қосымша 25 жел генераторын орнатып 5 станцияны ашуды жоспарлап отыр.
Жалпы қуаты 2 МВт болатын «Samruk Green Energy» АҚ-ның күн электро станциясының құрылысы 2013 жылы аяқталып, іске берілген. Станцияда жалпы саны 10 000 модульдік күн панелі орнатылған.
Аталған жобалардан тыс Қапшағай аймағында жаңармалы энергия көздерін өндіру бойынша «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС-нің қуаты 100 МВт дейін күн электро станциясының құрылысы жобалануда. Жобаны іске асыруға тиісті жер учаскесі бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы аймақта энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу мен тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар әкімдікпен қолдау тауып, жалғастырылатыны анық.    

 

Ж.Турысбеков, «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.                                                      


 


  Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .