Kapshagay.gov.kz

Республикалық «Профилактика» айлығы!

Главная


 

Ағымдағы жылдың 10 маусым  мен 12 қыркүйегі аралығында  Астана қаласында өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында, Қапшағай қаласында құқық бұзушылық пен қылмыстың  алдын алу, есептегі тұлғалармен жүргізілетін профилактикалық жұмысты жандандыруға бағытталған  «Профилактика» атты жедел алдын алу іс-шара өткізілуде. Бұл өңірде бойынша ғана емес, Алматы облысының аумағында он күн бойы жүргізілетін болады. Нақты айтсақ, биылғы жылдың 18-28 мамыр аралығында жүргізіледі.   
Аталған онкүндіктің мақсаты – ішкі істер органдарының   профилактикалық және тізімдік есептерінде тұрған тұлғалар тарпынан жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу,  жолын кесу, құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды,  сондай-ақ ішкі істер органдарының есептерінен жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау, ҚІІБ-ң есебіне қою болып табылады.  
Мұндай шаралар аймақтағы қылмысты азайтуға, әсіресе, жастар арасындағы өрескел әрекеттерді болдырмауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, осы сынды айлықтар барынша көбірек өткізу арқылы жас ұрпақтың дұрыс азамат болып шығуына, еліміздің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге де ықпалы мол.


Қапшағай ҚІІБ ЖПҚ полиция подполковнигі С.Нұрғалиев

 

 


 



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .