Kapshagay.gov.kz

«Күн мерекесі»

Главная


 

 

        2017 жылы 17 мамырында  Қапшағай қаласының Мәдениет үйінде «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін топ мүгедектері мен қарттарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Күн» мерекесі атты мерекелік концертін ұйымдастырды.
Көктемнің мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен «Күн» мерекесінде  «Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салықова Лязат, мүмкіндігі шектеулі балалар Абдрахманова Амина, Ақжаркенова Ақнұр, Керімқұлов Нұрболат, Исқанова Ралина және «Меруерт» балалар өнер мекетебінің оқушылары Мамедқұрбан София, Берсүгүрова Гаухар, Купалова Милана және бірінші сынып оқушысы Қанатқызы Үмітай өз өнерлерімен әр көрерменнің жүрегінен орын тапты.
Мерекелік концертті өткізу үшін Қапшағай қаласы әкімдігінің «Мәдениет үйі» МКМ директоры Дюсембеков Медет Қайратұлы, операторы Сахариев Әсет Ерікұлы, әдіскері Бисенгалиева Алмагүл Айдынғалиқызы, «Меруерт» балалар өнер мекетебінің меңгерушісі Белкова Оксана Вениаминовна ат салысып, қолдау көрсетті.
Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әрқашан мерекелік іс-шаралардың өтуіне қолдау көрсетіп, бірлесіп жұмыс атқарып жүрген қалалық және өңірлік кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлеріне шексіз алғысын білдіреді.

 

                           

 

 


 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .