Kapshagay.gov.kz

Хабарландыру

Главная


 

 

Мемлекеттік қызмет беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың үздік тәжірибесін тарату, Қазақстан Республикасының үздік кәсіби білімдері мен дағдыларына ие мемлекеттік қызметшілерін анықтау және көтермелеу, оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының қатысуымен «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауын ұйымдастыруда.
Конкурсқа барлық мемлекеттік қызметшілер қатыса алады, оның ішінде аудандық, қалалық, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуы жоғары бағаланады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын үздік жариялау бойынша БАҚ, блогерлер арасындағы «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты үздік жарияланым конкурсына барлық журналистер, блогерлер қатысуға шақырылады.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 100 бейнесі» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған фотоконкурс өткізіледі, фотоконкурсқа жеке тұлғалар қатысады.

Конкурстың шарттары бойынша толық ақпаратты kyzmet.gov.kz сайтынан алуға болады.

 

 


 



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .