Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы мен ауылдық округтер жастарының назарына!

Главная


 

Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.
 Жобаның мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарын қоғамдастық өміріне тарту және қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту
Жоба төрт облыста: Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық түрде іске асырылады.
Жобаның ерекше басымдығында – оқымайтын және жұмыс істемейтін, кәсіптік қайта даярлауға тартылмаған жастар; жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінен тыс қалып отырған жастар.
Жастар корпусын дамыту жобасы төрт компоненттен тұрады:
- жастар топтарына әлеуметтік маңызы бар кіші жобаларды іске асыру үшін  гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар беру
 - жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бойынша оқыту
- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу
- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және кері байланыс пен мәселелерді шешу тетігін іске асыру.
2017 жылы шамамен 3000 қатысушыны қамту жоспарланып отыр.
Жобаға қатысушы ретінде 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Өтінімді өз беттерімен 3-5 адамнан топтарға бірігу арқылы немесе қабылдаушы ұйымдар тізімінен таңдау арқылы беруге болады. Қатысуға өтінім беру үшін zhasproject.kz ақпараттық порталында нысанды толтыру қажет.
Үш кезіңдік іріктеу қорытындылары бойынша үш топ қалыптастырылады:
А тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өз кіші жобасын грант есебінен іске асыру және ментордың қолдауын алу мүмкіндігі беріледі
В тобының қатысушылары грант есебінен өз кіші жобасын іске асыру мүмкіндігін алады
С тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ ментордың қолдауын алу мүмкіндігі беріледі
А және В топтарының қатысушылары әлеуметтік шәкіртақылар алады:
мектеп түлектері, ТжКБ ұйымдары мен ЖОО студенттері -  26 000 теңге
 ТжКБ ұйымдары мен ЖОО түлектері - 61 000 теңге.
А және С топтарының қатысушылары менторлардың қолдауын алады - менторлар кіші жобаларды іске асырудағы мәселелерді шешуге, мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен байланыс орнатуға, командадағы жанжалды реттеуге көмектеседі (А тобы)  және грантсыз кіші жобаларды іске асыруға, сондай-ақ жеке тәсілдемеде кәсіби дамуға көмектеседі (С тобы)
Жобаларды іске асыру бағыттары шектелмейді, олар әлеуметтік маңыздылығы бойынша бағаланады.
Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағдарламасы 6 айға қарастырылған, оған:
Жоба бенефициарлары үшін бастапқы алты күндік тренинг;
кіші жобаларды іске асырудың жоспарлары мен бюджетің жетілдіру;
кіші жобаларды бес айлық тәжірибелік іске асыру;
қорытынды алты күндік тренинг;
бенефициарлардың кіші жобаларды орындау туралы бағдарламалық және қаржы есептерін тапсыруы кіреді.
Жоба туралы барынша толық ақпарат алу үшін – Қапшағай қаласының жастар ресуртық орталығына хабарласуға болады. Қапшағай қалалық әкімдігі, 107, 108 кабинет. Тел: 4-05-28

 


 


  Жетекші Е.Нұрпейісов


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .