Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттік органның қызметінің бастытиімді көрсеткіші.

Главная



 

Бүгінгі күні салық жүйесінің басты стратегиялық даму бағыты-мемлекеттік қызмет көрсетудің   сапасын жақсарту  және  көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі  болып табылады.
« Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  № 284 бұйрығына сәйкес 52 мемлекеттік қызмет түрі бекітілген.
Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан бүгінгі күні заңды және жеке тұлғаларға 17 қызмет түрі көрсетіледі.
Сонымен,өткен жылдың мәліметіне бойынша (01.01.2016ж-31.10.2016ж) жылдары аралығында мемлекеттік қызмет көрсету электронды түрде - 28 283 немесе  83,0% көрсетілсе, қағаз жүзінде – 5 789  немесе  17 % құрады.. 
2016 жыл кезеңі ішінде барлығы 34 072 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, бұл 2015 жылмен алыстырғанда көрсетілген мемлекеттік қызмет 2 872 көп екендігін көрсетеді.
Салық төлеушілер тарапынан көбінесе талап етілетін , сонымен қатар  толық және автоматты режимде ұсынылатын қызмет түрі «Салық есептілігін табыс ету» болып табылады.
Жыл басынан бері , яғни 2017 жылы барлығы электронды негізде 9 215 салық есептілігі табыс етіліп, оның ішінде «жеке табыс салығы бойынша декларация» (230.00 нысаны) салық есептілігі  4 519 кұрады.
Табыс етілген салық есептілігін барлығы 100%  электронды түрде ұсынылып, көрсетілетін қызметтің басымдылығы электронды түрде жүргізілгендігін  баяндайды.          
Қызмет көрсету сапасын жоғарлату бағыттарының бірі электронды форматта қызмет көрсету, яғни  қызметтерді дамытуға барлық қызмет түрін электронды түрде ұсыну болып табылады.
Электронды қызметке ауысу-ең алдымен қызмет алушылардың өз қызметтерін алу кезінде шығындар мен уақыттың азаюына, қызмет алушылармен қатынастың аз болуына әкеледі. 
Электронды қызметтін басты ерекшелігі ең алдымен үйден шықпай немесе кеңседе отырып-ақ электронды қызметтің қолжетімділігін арттырады.
Сонымен бірге, кірістер тарапынан жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсетудің бағыты негізінде салық төлеушілердің кабинетіне www.salyk.cabinet.kz электронды мекен жайы  және «мемлекеттік үкімет» порталы бойынша электронды қызмет түрін алуға болады.
Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  185-186 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлікі туралы декларацияны (230.00 нысаны)  орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.
Жоғарыда аталған жағдайды ескере отырып, салық есептіліктерін тапсыру күнінің соңғы күндері  электронды жүйенің жүктемелерінің артуы себебінен, салық есептіліктерін табыс ету мерзімі аяқтауына дейін ұсынуы қажет екендігін ескертеді.

 

 


 


  Басқарма басшысы С. Нұрғазиев


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .