Kapshagay.gov.kz

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша

Главная



 

 Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсету үшін еліміздің Үкіметі Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Өрлеу» жобасын іске қосты. Бүгінде қала және аймақ халқын «Өрлеу» дегеніміз қандай жоба?» «Оның мақсаты неде?» деген заңды сауалдардың мазалап жүргені анық. Осы ретте, аталмыш бағдарламаның маңызына тоқталып өткенді жөн көрдік.
-Бүгінгі таңда елімізде табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегі және жан басына шаққандағы табыстың айырмасына тең мөлшерде төленеді. Кедейлік шегі 2002 жылдан бері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды. Республикамыздың аумақтық даму бағдарламасында осы көрсеткішті 2016 жылдан бастап 60 пайызға көтеру көзделген болатын. «Өрлеу» жобасы осындай мақсаттың негізінде өмірге келген. Жоба бойынша шартты ақшалай көмекті енгізудің мақсаты азаматтардың табысы аз санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру болып табылады. Бұл жерде белгіленген қағидаларға сәйкес шартты ақшалай көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен отбасыға берілетіндігін баса айтқымыз келеді. Өйткені, пилотты жоба осы бағытта тәжірибеден өтуде. Осыған байланысты отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы – «Өрлеу» жобасының міндетті шарты, негізгі мақсаты болып табылады.
Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауының төртінші басымдығында былай деп атап өтілген: «2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керек. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.»
Бүгінде біздің тарапымыздан қала көлемінде жобаға қатысушы үміткерлердің саны анықталып, қажетті қаражаттың сомасын және ұсынылатын қолдаудың белсенді түрлерін белгілеу жұмыстары толық жүргізілді. Қалалық уәкілетті органға 5 ассистент және 2 жобалық консультант қабылданды, олар қазіргі таңда бағдарламаны насихаттау жұмыстарымен шұғылдануда. Жалпы, бағдарлама бойынша 150-ден астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз.
«Өрлеу» жобасы бойынша берілетін шартты ақшалай көмек азаматтардың табысы аз санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге ынталандырады.     Мәселен, шартты ақшалай көмек алушы отбасының еңбекке қабілетті мүшелері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысады. Сөйтіп, жұмысқа тартылған азаматтарға жалақысынан басқа жоғары мөлшерде ақшалай көмек және әлеуметтік қолдаудың белсенді шаралары жасалуда. Шартты ақшалай көмек дегеніміз осы. Бұл әрине аз қамтылған жәрдемақы алушылар қатарындағы азаматтарға ұсынылуда.
 Жобаның насихатталуы жайлы айта кетсек, бұл бойынша да кешенді шаралар жолға қойылған. Сала мамандарының басын қосып, істі пысықтап алатын жиындар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Сондай басқосудың бірі  Қапшағай қаласы бойынша №4 орта мектепте, Шеңгелді ауылдық округі бойынша Кербұлақ, Сарыбұлақ, Шеңгелді ауылдарында, Заречный ауылдық округіндегі Арна ауылдарында бөлім басшысы мен мамандары, жұмыспен қамту орталығының мамандарының  қатысуымен өтті.
         Жобаға қатысу үшін өтініш беруші отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Мұнда «Өрлеу» жобасына қатысушының отбасылық және материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы мәліметтерді толтыруға арналған сауалнама мен өтініш бланкін тегін алады. Өтініш беруші өз қолымен өтініш пен сауалнаманы толтырады. Өтініш берген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспаса, жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілетті жанұя мүшелеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар көрсету үшін жолдама береді. Сөйтіп, әр азамат күрделі тұрмыстық жағдайдан шығуға мүмкіндік алып, өз жолын таңдау және өз стратегиясы мен бағытын анықтауға ие болады.
                                                                                     Бөлім басшысы
                                                                                     А.Іңкәрбекова


 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .