Kapshagay.gov.kz

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ!

Главная



 

   «100 – Нақты қадам» Ұлт жоспарының 30-шы қадамын орындау барысында Мемлекет Басшысы 2015 жылғы 2 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Заңына қол қойды.
         2016 жылыдың 1 қаңтарынан бастап, Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын жаңа нұсқауда бастады.
         Жергілікті полиция қызметі – ішкі істер органдары құрылымының бірынғай жүйесіне кіреді, қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық мәртебесі – ішкі істер органдарының басқада да бөлініс қызметкерлерімен тең дәрежелі Заңмен белгіленеді.
         Осы бағытта бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының профилактикасын жандандыру бойынша Жергілікті полиция қызметімен бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.  
         Негізінен, халықтың пікірі арқылы, жергілікті полиция қызметінің жұмысына баға беріледі.
         Осы орайда, тұрғындармен күнделікті тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін – учаскелік полиция инспекторлары, жұмыс қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесулерін 3 айда бір рет өткізуде.
         Жергілікті полиция қызметіне жүктелген негізгі міндеттің бірі – құқық бұзушылық профилактикасы тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында, барлық кешенді шаралар қабылданды.

Учаскелік полиция инспекторлары бойынша
Қапшағай ҚІІБ –нің учаскелік инспекторларының штаттық саны – 13. Екі лауазым бос орын бар.  Қапшағай қаласы мен аймағы 11 әкімшілік учаскеге бөлінген, оның ішінде 11 қонысты жерлерден тұратын 2 ауылдық аймақ бар. Қызмет көрсететін аумақта 4 учаскелік полиция пункттері жұмыс істейді, олардың 2-уі Қапшағай қаласында, Шенгелді және Заречный ауыл аймақтарында бір-бірден.      Сондай-ақ 3 учаскелік полиция пункті жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Жалпы, учаскелік полиция инспекторлары жұмысының негізгі бағыты – құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізу.
2017 жылдың 1 ай ішінде учаскелік инспекторлармен 10 адам профилактикалық есепке алынды, барлығы 2017ж. есепте 384 азамат тұр (2016ж -440).
УПИ-мен 2017 жылдың 1 ай аралығында 73 әкімшілік құжаттамалар толтырылды, (2016ж.-91), оның ішінде УПИ мен қаралғандары 46 (2016ж.-61), сотпен қаралғаны 25 (2016ж.-28), басшылықпен 2 (2016ж.-4).
«Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша УПИ-мен 68 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
2017 жылдың 1 айында «Көршілер бақылауы» телефонына 125 хабарламалар түскен, олардың ішінде 41 расталмаған, 25-не әкімшілік хаттама толтырылып, 59- қылмыстарды тіркеу кітабына тіркелген.
Тұрмыстық қатынастар саласында УПИ-мен 6 қорғау нұсқамалары шығарылып (2016ж.-3), барлығы 138 арыз шағымдар қаралды.
УПИ-нің қызметін көтеру үшін олардың жұмысына қажетті жағдайлар жасап, туындаған мәселелер мен сұрақтарды шешу керек.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселесі де көп көңіл бөлуді қажет етеді. Қапшағай ҚІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінде штаттық кестеге сәйкес 15 қызметкер онын ішінде 5 полиция және 9 мектеп инспекторы, 1 бос лауазым. Олар Қапшағай қаласы мен аймағында тұратын 16541 жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қадағалап, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын жүзеге асырады. Аймақтағы жалпы білім беретін мектептер саны – 15, оның ішінде 7- Қапшағай қаласында, 5 - Шеңгелді ауылдық аймағында, 2- Заречный ауылдық аймағында. Сонымен қатар, Қапшағай қаласында 3 колледж бен 1 мамандық мектебі, 1 кешкі мектеп бар. Әрбір кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға 2-3 оқу орны және орта есеппен 2800 жасөспірім бекітілген.
Барлығы әртүрлі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке-2017ж.- 41 адам тартылды.
Қылмыстық статистиканың мәлімдемелеріне сәйкес, 2017 жылдың 1 ай ішінде кәмелетке толмағандар арасында 4 қылмыс тіркеліп отыр, 2016 жылдың осындай мерзімінде 3 қылмыс тіркелген.
Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолының бірі- қылмыс жасауға бейім жасөспірімдерді анықтап, олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу.  Осы өткен уақыт ішінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшеге 2017 – 0 (2016ж. – 2) жасөспірім есепке алынып, мерзім аяғында Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінде барлығы 2017 -48 (2016ж. -44) жасөспірім тұр.
Сонымен қатар 1 айда 2 қолайсыз отбасылар анықталып есепке қойылды (2016ж.-1). Кәзіргі таңда барлығы 63 қолайсыз отбасылар еспте тұр (2016ж.-44).
Ата-аналық құқығынан 0 адам айрылып (2016ж.-0), 0 жасөспірім арнайы оқу мекемелеріне жіберілді (2015ж.-0).
Тұрмыстық қатынастар саласында жасөспірімдерге қатысты 0 қорғау нұсқамалары шығарылып (2016ж.-0), 2 ерекше талаптар қойылды (2016ж.-0).
Салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында спирт ішімдіктерін пайдаланудың, нашақорлықтың, қылмыстың алдын алу мақсатында мектептерде оқушылар алдында дәрістер өткізіп, осы тақырыптағы видеофильмдер көрсетілді. 
Жол-патрульдік полиция  бөлімшесі.
Қапшағай ҚІІБ жол-патрульдіқ полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің штаттық саны –30 қызметкер, оның ішінде 1 офицер, 7-вакансия.
2017 жылдың 1 айында Қапшағай аумағында  6 жол-апаты тіркелген, 2016 жылы 3. Оның ішінде 11 адам әртүрлі дене жарақат алған, 2015ж.-8. Сараптай келгенде көбінесе жолапаттар Алматы-Өскемен жолында орын алатыны байқалады. Осыған байланысты, Қапшағай аумағында «Автобус» шұғыл-іс шаралары өткізілді.
Күн сайын таңертеңгі мәжілісте жол-патрульдық топтардың жұмыс нәтижесі қаралып, қоғамдық орындарда болған қылмыстар туралы талқыланып, олардың алдын алу жолдары қаралады. Қылмыстардың орны мен уақытын сараптай отырып, полицияның кешенді күштерін пайдалану жоспары өзгертіліп, барлық сапар жолдары жастар шоғырланатын және түнгі уақытта жұмыс істейтін көңіл көтеру орындарына барынша жақындатылды.
2017ж. жол-патруль қызметкерлерімен 79 әкімшілік хаттамалар жаалып, оның ішінде 2 азаматтың мас күйінде көлік жүргізгені үшін толтырылды.


 


 


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .