Kapshagay.gov.kz

Іскерлік байланыстар

Главная



 

     Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі - Бағдарлама), Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) және аудандық орталықтарындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (КҚО) арқылы  «Іскерлік байланыстар» құралы және «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышысы бойынша қатысуға өтініштер қабылдайтыны туралы хабарлаймыз.
«Іскерлік байланыстар» құралы, Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - ХШҰ) қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.
«Іскерлік байланыстар» құралы екі кезектен тұрады:
1) бірінші кезекте қатысушыларды елдің ішінде оқытылады. Барлық қатысушылар бизнес-оқулар өтеді, оның ішінде шетел және отандық бизнес-жатықтурышылардың көмегімен  бизнес-жоспарларды даярлауды және өзінің мекемелерін дамытуға бағытталған білімін артырады.  
2) екінші кезекте Жобаға қатысушылар шетелдегі серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған тегін тематикалық шетелдік бизнес-тәжірибиеден өтеді. 
«Іскерлік байланыстар» құралына қатысуға келесі талаптар көзделген:
Қатысушы мекеменің басшының немесе басшының орынбасары лауазымынан төмен болмауы тиіс және орта буын басшылары.
«Аға сеньорлар» құрауышы басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша құрауышқа қатысушыларға тікелей кәсіпорындарда консультация беру үшін жемісті жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.
«Аға сеньорлар» құрауышын іске асыру шарттары:
1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрауышқа қатысушы бола алады;
2) құрауыш бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
3) шетелдік сарапшылардың ұшуы және көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
4) шетелдік сарапшылардың көліктік және тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылған жобаларға қатысу бойынша анықтама келесі мекен жайда: Өтініш білдірушілер филиалын, мекен-жайы мен телефондарын көрсетсін.

           

 


Кәсіпкерлер барлық мәселелер бойынша Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына, КҚО немесе ЦПП (контактный телефон: 8 (7282) 401-477, тел: ҚР «Атамекен» ҰКП 8(7172)919347, электронный адрес: ye.datkayev@palata.kz). 


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .