Kapshagay.gov.kz

Қара өлеңнің Хантәңірі - Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндер байқауы

Главная



  Асқар тауы қазақтың, Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырларымен халықтың  жүрегін жаулап алған. 
Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосқан. 2017 жылғы 2 ақпанда Ақынның туған күні қарсаңында қалалық мәдениет үйінде  М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден дәстүрлі Алматы облыстық Х «Жырлайды жүрек» әншілер байқауының қалалық іріктеу туры өтті.
Сан алуан тақырыптағы Мұқағали өлеңдеріне ән жазған композиторлар санында шек жоқ. Өлеңдері мен әндері өміршеңдігімен, жасампаздығымен құнды ел игілігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Байқаудың мақсаты тыңдармандарға рухани азық болатындай М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтау. Жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру. Ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін көтеру болып саналады.
Байқауға 10 үміткер қатысып, 2 үміткер Шеңгелді ауылынан Баяхмет Айгерім, Қапшағай қаласынан Әбдірахман Толқын  облыстық байқауға жолдама алды.М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден дәстүрлі Алматы облыстық Х «Жырлайды жүрек» әншілер байқауы 2017 жылғы 9 ақпанда Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтеді.

 


Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .