Kapshagay.gov.kz

Пандус дегеніміз не?

Главная



   Президентіміздің «Менің назарымдағы басты мәселеәр қазақстандыққа қамқорлық көр­сету» сөздерін мүгедектер үшін кедергісіз тыныс-тіршілік ортасын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аудару туралы берген тапсырмалары растайды. Әрине мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көптеген басқада іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бірақ адамдар кей кездері  қимыл-қозғалысы бұзылған адамдардың жай әрекеттерді орындау үшін қанша күш жігерін жұмсайтындығы туралы ойланбайды да.
Осы әлеуметтік мәселелердің шешімін табу үшін Қапшағай қаласы бойынша 11 мемлекеттік мекеме басшыларынан және «Қапшағай Самға», «Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамы бірлестігінен тұратын ведомства аралық комиссия және жұмыс тобы құрылған.
Қала әкімімен мүгедектер жиі баратын 61 нысан бекітіліп, «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталына енгізілді. Соның ішінде жұмыс тобымен 39 нысанның паспорттары толтырылып, қазіргі таңда Қапшағай қаласы және аймағы бойынша 11 нысанға (қала әкімдігі, Шеңгелді ауылдық округі аппараты, мәдениет үйі, көпсалалы колледж, қалалық емханасы, балалар ауруханасы, инфекция бөлімі,Заречный ауылдық дәрігерлік амбулаториясы,№ 3, №4, №5 орта мектептері) 6 аймақ: «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық- тұрмыстық орынжайлар», «Телекоммуникация және ақпарат»,  «Объектілердің аумағы» бойынша бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Бейімдеу жұмыстарын жүргізу кезінде кіре беріс тобына пандус орнатуға үлкен көңіл бөлінеді. Себебі мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тұрғын үйлерге, дүкендерге немесе басқада әлеуметтік нысанға кіретін баспалдақтар мен жай басқыштардың өзі еңсерілмейтін бөгетпен тең болады.
Осы мәселеге дүние жүзі бойынша үлкен көңіл бөлінуде, ал пандус болса сол мәселенің шешімі болып табылады.
Әлеуметтік бағыттағы пандустар мүгедектер қол арбасы мен балалар арбасының жайлы жүруіне қызмет етеді. Олар ғимараттардың ішіндегі баспалдақтарда немесе қоғамдық нысандар мен тұрғын үйлердің кіре берістегі баспалдағына орнатылады.
Пандус үш бөліктен тұрады. Олар: пандустын басқы жағындағы көлденең алаңшық; пандустың еңкіш беткейі; пандустың аяқ жағындағы көлденең алаңшық.
Пандустар стационарлы, қайырмалы, жиналмалы болып үш түрге бөлінеді.
1. Стационарлы пандустар- дүкендерде, емханаларда, тұрғын үйлерде, мектептер мен кинотеатрларда мүгедектер қол арбалары мен балалардың арбаларының жүруіне жайлы орнатылатын ыңғайлы құрылым.
2. Қайырмалы пандус- баспалдақтың қабырға беткейіне тігінен бекітілетін құрылым. Қажет болған уақытта қайырмалы пандус еш қиындықсыз баспалдаққа көлденен түсіріліп, қызмет көрсетіліп болған соң, адамдардың өтуіне кедергі жасамас үшін орнына қайта тігінен бекітіледі.Қайырмалы пандустарды қабырғаның екі жақ шетінеде бекітіп орнатуға болады.
3.Жиналмалы пандус- эксплуатацияға жайлы құрылым болып табылады.Мүгедектердің қол арбасы мен балар арбасының жүруіне арналған. Ол баспалдақпен көтерілуге, сонымен қатар дөңгелекті транспорттық құрылымның өте алмайтын жерлерінен өтуіне қолданылады. Пандустар металдан немесе бетоннан жасалынады және құрылымы әртүрлі болып келеді. Металдан жасалған пандустар көпке мәлім,  себебі  ғимараттардын басқы тұрғызу кезінде мүгедектердің баспалдапен кіруі  қарастырылмаған болса, ол пандус  ең бір тиімді шешім болып табылады. Сонымен қатар осындай элементтер орнатуға өте тиімді. Олар әр көтерілімге жеке жобаланып дайындалынады. Ғимаратты жобалау және орнату кезінде шағын мобильді халықтар топтамасына қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек.

«Қапшағай қаласының жұмысппен қамту және
 әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесі.


Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .