Kapshagay.gov.kz

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша түсіндірулер

Главная



       Елбасының «5 институциалды реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 84-ші қадамда «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» қарастырылған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі аз қамтылғандар санатындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың пассивті моделінен белсенді моделіне ауыстыруды қарастыратын «Өрлеу» жобасын бастаған.
Жалпы, «Өрлеу» жобасы - отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатысқан жағдайда отбасын белсенділендіру әлеуметтік келісімшартына отыру арқылы отбасыларға шартты қаржылай көмек ұсыну бағдарламасы. Бұдан бөлек, жоба жұмысқа орналастыруға, мамандықтарға оқытуға, қайта оқытуға, сол сияқты жастар практикасына қоғамдық жұмысқа және әлеуметтік жұмыс орындарына тартуға ықпал ете алады. Жобаның негізгі мақсаты - шартты қаржылай көмек алған алған аз қамтылған отбасы тек қана жәрдемақы алып қана қоймай, осы жағдайдан шығуға әлеуметтік тұрғыдан бейімделген, кәсіби бағдар алған болуы тиіс.
«ӨРЛЕУ» пилоттық жобасын іске асыру барысында ассистенттер мен консультанттар шартты негізде жұмысқа қабылданады.
1) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін ауылдық округ әкіміне немесе қала әкіміне жүгінген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу үшін уәкілетті орган шарт негізінде тартатын адамдар.
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу үшін уәкілетті орган шарт негізінде тартатын адамдар.
2017 жылғы 13 қаңтарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Шеңгелді селолық  округіне, атап айтқанда Сарыбұлақ, Кербұлақ, Шеңгелді ауылдарына «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында көшпелі жиын өткізіп қайтты. Жиналыс барысында жобаға қатысуға тілек білдірген жанұялар шартты ақшалай көмек төлеу бойынша тізімге алынды. 

 

 


Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .