Kapshagay.gov.kz

Қамқорлық жасасаң, қайырын көресің

Главная



      «Қамқорлық жасасаң, қайырын көресің» деген ұлағатты сөзді құлаққа құйып өскен ұрпақпыз ғой.
             Сол жандардың бірі – әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігер мамандары.
                Әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсететін адамдардың заңды құқығын қорғап, өздерінің жан жылуын сыйлайтын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін азаматтарға  ілтипатпен қарап, қолдан келгенше мәселелерді шешуге көмек көрсететін адамдар. Ал, адам өмірін ұзартуға, емделуіне септігін тигізетін медицина  мамандары адамдарға көмектессем деген ізгі ниет арқылы адамдардың шексіз алғысын алатын абзал жандар.
          Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен, ШЖҚ МКК «Қапшағай қалалық емханасы» мамандарының көмегімен  45 адам, соның ішінде жалғыз басты қарттар мен топ мүгедектері тегін медициналық тексеруден өтті. Қапшағай қалалық емханасының жүйке аурулары, құлақ, мұрын, көз, тері, ішкі ағза аурулары және т.б. мамандары үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектерін үй жағдайында тексеруден өткізіп, несеп және қан талдауларын жасады.       
      Сонымен қатар стационар жағдайында өтеміз деп өтініш білдірген азаматтар да медицина және әлеуметтік салаларының әлеуметтік қызметкерлерінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен тексеруден тыс қалмай, қажетті мамандардан кеңес пен дәрігерлік нұсқаулықтар алды.
             Жанымыздағы адамдарға  қамқорлық жасау- ол әр адамның міндеті.

 

 


Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .