Kapshagay.gov.kz

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін өзектендіру бойынша

Главная



«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1036 қаулысына енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 2016 жылғы 9 қарашада «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Мүгедектерге көмек көрсету» Қапшағай қоғамының, «Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің, «Қапшағай Самға» мүгедектер қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік), ескірген сурдо-тифлотехникалық құралдарды қазіргі көп функцианалды электронды гаджеттерге ауыстыруды қоса, Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Осы өзгерістер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Сонымен қатар, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін ғана мүгедектерді оңалтудың жаңа техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз ету мүмкін, себебі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тек қана ОЖБ сәйкес мүгедектерді құралдармен және оңалтудың қызметтерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Бұдан басқа, өңірлердің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары өтініштердің және ОЖБ негізінде тізбені көрсетумен қажеттілікті, оңалту құралдарының санын анықтайды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы, сонымен қатар мерзімсіз ОЖБ болған жағдайда, тұрғылықты мекенжайы бойынша МӘС бөліміне мүгедек өтініш білдіргенде осы іс-шараларды жүзеге асыру мерзімін ескере отырып Тізбемен өзгерістер қарастырылған іс-шараларға МӘС бөлімінің мамандарымен ОЖБ қажетті түзетулер енгізіледі.

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Іңкәрбекова 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға өзгерістер енгізілгенін атап өтті:

1. Сурдотехникалық құралдар

* бейнекомпьютер – веб камерасы бар ноутбукке ауыстырылады;

* телефакс қолданыстан алынған.

2. Тифлотехникалық құралдар

* таяқ – тифлотаяққа;

* компьютерлік тифлокешен – сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукке;

* диктофон – дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондармен ауыстырылады;

* тифломагнитола қолданыстан алынған.

 


«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Іңкәрбекова


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .