Kapshagay.gov.kz

Қызмет көрсету бөлімшесі-информ 2016

Главная



«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ішінен құрылған қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері жеке оңалту бағдарламасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсанындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» № 114 ІV Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік Министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 қаулысымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандартына  негізделе құрылған жеке жұмыс жоспары бойынша барлығы 57 жалғыз басты қарт азаматтар мен І-ІІ топ мүгедектеріне белгіленген кесте бойынша аптасына 2 рет үйде арнаулы әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер үй жағдайында сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарды анықтау және есепке алу мен қоғамдық өмірмен байланыстыру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар топ мүгедектеріне жеке оңалту бағдарламасына негізделе отырып емдік-шипажайда емделуге жолдама, протездік-ортопедиялық аяқ киім, тифлосурдотехникалық, міндетті гигиеналық , қимыл-қоғалыс аппаратын алу үшін құжаттарын жинауға көмектеседі.

Үйде арнайы әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар тегін кепілденген дәрі-дәрмек, мүгедектік жәрдемақысын, міндетті гигиеналық құрал (памперс) алады.

Атқарылған іс-шаралар «Е-Собес» базасында енгізіліп отырады.

2016 жылдың 9 Мамырында Жеңіс күні мерекесіне орай үй жағдайында құттықтау рәсімдері өткізіліп, қала саябағында өткізілген концерттік бағдарламаға және жайылған әскери-дала дастарханына үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін соғысқа қатысқандар, соғыс жылдарында қаза тапқандардың әйелі, соғыс жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер мен тыл еңбеккерлері шақырылды.

Сонымен қатар 2016 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойлық жылына орай ұрпақ ынтымақтастығын және белсенді өмір сүруді насихаттау мақсатында жүз жасқа толған және одан жоғары жастағы азаматтарға құрмет көрсету мақсатында Қапшағай қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі тұрғыны 1909 жылы туылған Сағымжан Малдыбаеваны және 1911 жылы туылған Екатерина Яковлевна Евдокимованы жеңіс күні мерекесімен құттықтап, сыйлық тартылды.

/15:51 23.05.2016 ж./


«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .