Kapshagay.gov.kz

Өткізілген іс- шаралар тұралы ақпарат

Главная


2015 жыл мерейлі мерекелерге толы жыл, бұл жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығын және қаламыздың 45 жылдығын атап өтеміз.

Қала және аймақта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, тыл еңбеккерлерінің, көп балалы аналардың, мүгедектердің, еңбек ардагерлерінің, ауған соғысына қатысушылардың қатысуымен әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне бір жолғы жәрдемақы төленді, материалдық және қайырымдылық көмектер көрсетілді. Еңбек ұжымдары өз ардагерлеріне құрметтер көрсетті, мектептерде сынып сағаттыры өткізілді, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, тыл еңбеккерлерінің қатысуымен тематикалық кештер, дөңгелек столдар өткізілді. Спорттық жарыстар, патриоттық әндер байқаулары өткізілді.

Қарттар мен мүгедектер күні қарсаңында да мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Құрмет көрсету мен құттықтаулар жыл аяғына дейін жалғасады.

2015 жылғы 10 қарашада демеушілік көмекпен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы «Жастар» жастар қозғалысы басшысымен бірлесе отырып, 100 жастан асқан Ожан Жутшиева, Екатерина Яковлевна Евдокимова, Ефросинья Ляшенко секілді қарттардың үйіне барып азық түлік пакеттері мен гүл шоқтарын сыйға тартты.

/18:12 17 қараша 2015 ж./

 


Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .