Kapshagay.gov.kz

Қарттар мен мүгедектерге үй де әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің жұмысы туралы

Главная


«Азбука мудрости» теперь в Капшагае

«Қапшағай қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халыққа 18 мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Соның ішінде қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» қызметтерін атқарады.

Мемлекеттік қызмет - қызмет алушылардың өтінішіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Стандарт бойынша көрсетіледі.

Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 8 әлеуметтік қызметкер 53 қарттар мен 1-ші және 2-ші топ мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Бөлімше меңгерушісі көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапалы және уақытылы орындалуын қадағалайды.

Әлеуметтік қызметкерлер жалғызілікті қарттар мен 1 және 2 топ мүгедектеріне 8 бағытта (әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық) бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсетеді. Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет 1 және 2 топ мүгедектеріне жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көрсетіледі.

Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік ортада болуына жағдай жасайды. Әлеуметтік қызметкерлер тұрмыс жағдайына қажет тауарларды, азық- түлік, дәрі-дәрмектерді, газеттер мен журналдарды, тағамдарды үйлеріне апарып берді. Ауруханаға түскен жағдайда барып тұрады. Денсаулықтары болмаған кезде ас әзірлеуге, киімдерді жууға, іш киімдерді және төсек орындарды жууға, тұрғын үй жайларды жөндеуге, коммуналдық төлем ақыларын төлеп, туыстарына хат жазуына, тұрғын үй көмегіне құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Азаматтардың өтініші мен жеке оңалту бағдарламасына сәйкес міндетті-гигиеналық құралдары мен протездік – ортопедиалық құралдар, санаториялық-курорттық емделуіне құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, психологиялық көмек көрсету, оның ішінде, әңгімелесу, қарым-қатынас,тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру жұмыстарын атқарады.

Әлеуметтік қызметкерлер үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетушілерге демеушіліктердің көмегімен мерекелік қайрымдылық астар ұйымдастырылып отырады, өздігінен жүре алмайтын азаматтар қаланың жеке кәсіпкерлері көмегімен азық- түліктермен қамтамасыз етіледі.

Басқа адамдардың көмегін қажет ететін жалғызілікті қарттар мен 1 топ мүгедектері анықталынып, есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер жақын туыстары жоқ болған жағдайда, қайтыс болған қарттар мен мүгедектерді жерлеу қызметін ұйымдастырады.

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер қарттар мен мүгедектер үйіне және психоневрологиялық интернатқа орналастыруға мұқтаж азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Жылдың басынан бастап Қапшағай қаласының қарттар мен мүгедектер интернат үйіне 4 адамның құжаттары рәсімделді, 2 адам басқа интернат үйлеріне ауыстырылды. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға құжаттарын жаңадан қалпына келтіруге көмек көрсетіп және тұрғын үй мен басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісін толтыру жұмыстарын жүргізеді.

 

/15:21 30 Қазан 2015 г./

 


«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .