Kapshagay.gov.kz

«Даналық әліппесі» Қапшағай қаласында

Главная


  

«Азбука мудрости» теперь в Капшагае

Қапшағай қаласының қалалық кітапхана қорына қазақтың бүкіл асыл мұралары топтастырылған. Нұралы Құдайбергенұлының құрастыруымен шыққан, он екі кітабы мен қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды жинақ келіп түсті. 28 мамыр күні кітапханада барлық мәтіні сөйлейтін қалам арқылы дыбысталатын кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапханашы бұл жаңа жапондық инновациялық жоба - сөйлейтін қалам технологиясымен жасалған деп таныстырды. Даналық әліппесін еліміздің танымал ғалымдары жүйелеп, ең сұрыпталған шағармаларды енгізген. Ұмыт бола бастаған жырлар, халық әндері, ертегілер мен аңыздардан тұратын оқулық, жас ұрпақтың рухани әлемін байытуға арналғанын кітапханашы айта кетті. Оқушылар тек қаламсаптың тетігін басса болғаны домбыра күйі, қобыздың үні, сыбызғының сазы сарнап қоя беретін көріп, кезектесе тыңдай бастады.

Даналық әліппесі кітабы балалардың кітапқа деген қызығушылығы тудырды. Балалар «Даналық әліппесі» иновациялық кітаптың өте қызықты, тыңдағанда автордың дауысының анық және жағымды естілетіні жөнінде өз ойларын ортаға салды. Кеш соңында балалар «Нұрилла Ныпсылы Домалақ Ана» туралы аңызды және қазақ әні «Дедім-ай-ау» әнін толығымен тыңдап мол әсермен тарқасты. Оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншіліктері оянды.

Қатысушылар саны 14 адам

 

/10:18 20 Қазан 2015 г./

 


«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .